• 10 марта, 2026 6:17 пп

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ: КЕЗЕКТІ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСЫ ӨТТІ

Автор:admin

Мар 10, 2026

 

Шымкент қаласы Абай ауданындағы №140 жалпы білім беретін мектеп ғимаратында жаңа Конституция жобасын түсіндіруге арналған кезекті кездесу өтті. Іс-шараға аудан тұрғындары мен мектептің педагогикалық ұжымы қатысты. Кездесу еркін пікір алмасу, сұрақ-жауап форматында ұйымдастырылды.
Жиынның ашылуында ақ жаулықты әжелерден құралған «Киелі кимешек» тобы ән шашуын ұсынып, «Қазағым» және «Бүлдірген» әндерін орындады. Өнерпаздардың әсерлі орындауы жиналған қауымға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Кездесу барысында қатысушыларға Конституция жобасына енгізілген өзгерістер мен жаңашылдықтар кеңінен түсіндірілді. Атап айтқанда, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейту, білім беру саласының рөлін арттыру, педагог мәртебесін көтеру мәселелері талқыланды.
Іс-шарада сөз сөйлеген Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар кеңесі төрағасының орынбасары Батырбек Қаратайұлы Жалмұрзаев қабылданғалы отырған Ата Заңның саяси жүйені жетілдіруге және қоғамдық институттарды жаңа жағдайда жаңғыртуға бағытталған маңызды құжат екенін атап өтті. Сонымен қатар ол Конституцияның тарихи негізі ретінде қазақ халқының құқықтық дәстүріндегі «Жеті Жарғы» заңдар жинағының маңызына тоқталып, халық мүддесіне бағытталған заң шығару дәстүрі ертеден қалыптасқанын жеткізді.
Кездесу соңында аудан тұрғындары алдағы маңызды саяси науқанға белсенді қатысып, ел болашағы үшін жауапты таңдау жасауға дайын екендіктерін білдірді.

Автор: admin