• 4 марта, 2026 3:08 пп

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – АЗАМАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН БОСТАНДЫҚТАРЫН ҚОРҒАУДЫҢ ЗАМАНАУИ МЕХАНИЗМІ

Автор:admin

Мар 4, 2026

 

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың заманауи құқықтық механизмін қалыптастырады. Құжат әрбір адамның құқықтық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған, сонымен қатар азамат пен мемлекет арасындағы қатынастарды тең және әділ негізге сүйейді.

Жаңа Конституцияның маңызды ерекшелігі – жеке өмірге қол сұғылмаушылық, дербес деректерді қорғау және азаматтардың ақпараттық қауіпсіздігіне кепілдік беру. Сонымен қатар, құжатта азаматтардың сотқа жүгіну, пікір білдіру, жиналыс өткізу, еңбек ету және білім алу құқықтары нақты жазылған. Бұл – қоғамдағы әлеуметтік әділеттілікті нығайтуға, тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге және демократиялық институттарды дамытуға бағытталған маңызды қадам.

Жаңа Конституция азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың заманауи, сенімді және ашық механизмін ұсына отырып, Қазақстанның құқықтық және әлеуметтік дамуына тұрақты негіз қалап отыр.

Автор: admin