• 2 марта, 2026 3:43 пп

ТҮРКІСТАНДА КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАНЫ ҚОЛДАУҒА АРНАЛҒАН МУРАЛ САЛЫНДЫ

Автор:admin

Мар 2, 2026

Түркістан қаласындағы Керуен сарай кешені аумағындағы тұрғын үйдің қасбетіне Конституцияға арналған мурал салынды. Түркістан қаласында жүзеге асқан бұл игі іс — Конституциялық реформаны қолдауға бағытталған. Жаңа мурал — еліміздегі саяси жаңғыру үдерістерінің, әділетті қоғам құру жолындағы батыл қадамдардың көркем бейнесі. Онда Конституциялық реформаның мәні, халық еркі мен бірлігінің маңызы, заң үстемдігі мен азаматтық жауапкершілік идеялары заманауи көркемдік тәсілдер арқылы айшықталған.

Муралдың ашылуына орай түркістандық жастар арнайы флешмоб ұйымдастырды. Сондай-ақ, қатысушылар Конституциялық реформаны қолдайтындарын айтып, көк аспанға референдумға арналған әуе шарларын ұшырды. Бұл символикалық әрекет – елдің жарқын болашағына деген сенім мен ортақ жауапкершіліктің белгісі іспеттес болды.

Автор: admin