• 28 февраля, 2026 6:02 пп

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯНЫ ҚОЛДАУҒА ҚАТЫСТЫ ӘР ПАРТИЯНЫҢ ӨЗ ҰСТАНЫМЫ БАР

Автор:admin

Фев 28, 2026

 

Пікірталас барысында әр партия өз басымдықтарын айқындады. «Respublica» партиясы фракциясының мүшесі Екатерина Смолякова меншік құқығын тең қорғау және мемлекет пен бизнес әріптестігін дамыту мәселесіне тоқталды.

Қазақстан Халық партиясы фракциясының жетекшісі Магеррам Магеррамов жаңа Конституцияның әлеуметтік мемлекет қағидатын күшейтетінін айтты.

Ал «Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы Азамат Әміртаев экологиялық жауапкершілікті конституциялық деңгейде бекіту маңызын атап өтті.

Осылайша, әр партия жаңа Конституцияны қолдай отырып, өз идеологиялық ерекшеліктерін көрсетті.

Автор: admin