• 28 февраля, 2026 6:01 пп

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ПАРТИЯАРАЛЫҚ ДИАЛОГТЫҢ БАСТЫ ТАҚЫРЫБЫ

Автор:admin

Фев 28, 2026

 

Астанада өткен партияаралық диалогтың негізгі өзегі – жаңа Конституция жобасы болды. Ерекше форматта ұйымдастырылған пікірталас 4 раундтан тұрды және нақты регламентке сай өтті.

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Айдос Сарым Конституцияның 3-бабында алғаш рет мемлекеттің стратегиялық қағидаттары – Тәуелсіздікті қорғау, ұлттық бірлікті нығайту, қоғамдық диалогты дамыту, адам құқығы мен білім басымдығы бекітілгенін атап өтті.

Ал оның әріптесі Үнзила Шапақ жаһандық трансформация жағдайында Конституцияны жаңғырту – құқықтық дамудың табиғи кезеңі екенін жеткізді.

Партияаралық диалог жаңа Ата Заң төңірегінде ортақ түсіністік қалыптастыруға ықпал етті.

Автор: admin