• 25 февраля, 2026 8:03 пп

Еңбек қатынастарын реттеу және қауіпсіздікті күшейту

Автор:admin

Фев 25, 2026

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде 2025 жылғы жұмыс қорытындылары мен 2026 жылға арналған негізгі міндеттері туралы алқа мәжілісі өткізілді.

Алқа мәжілісінде 2025 жылы еліміздегі еңбек қатынастары және өндірістік қауіпсіздік саласы бойынша атқарылған жұмыстары қорытындыланып, 2026 жылға арналған міндеттер айқындалып, еңбек қатынастары саласындағы ахуалды, өндірісте орын алған жазатайым оқиғалардың себептері мен оларды болдырмау бағытында атқарылған жұмыстар жан-жақты сараланды.

Сонымен қатар, 2026 жылға арналған негізгі басымдықтар мен стратегиялық міндеттер белгіленді.Өткен 2025 жылы еңбек қатынастарын реттеу және қауіпсіздікті күшейту қолға алынған болатын. Сондай-ақ өткен жылы еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету, жұмыскерлердің құқықтарын қорғау және өндірістік қауіпсіздікті арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілді. Соның нәтижесі есебінде, еңбек қатынастарына мониторинг күшейтіліп, еңбек заңнамасының сақталуына тұрақты бақылау жүргізілді.Жазатайым оқиғалардың алдын алу бойынша профилактикалық шаралар кеңейтіліп, кәсіпорындарда тәуекелдерді бағалау тетіктері жетілдірілді, қауіпсіз еңбек мәдениетін қалыптастыру мақсатында оқыту, түсіндіру және әдістемелік қолдау жұмыстарыұйымдастырылды, әлеуметтік әріптестік аясында жұмыс берушілер мен жұмыскерлер арасындағы өзара жауапкершілік нығайтылды, еңбек саласындағы мемлекеттік бақылау процестері цифрландыру элементтері арқылы жетілдірілді. Бұл тәуекелдерді ерте анықтауға мүмкіндік берді. Аталған шаралар еңбек құқықтарының сақталуын қамтамасыз етуге, өндірістегі жарақаттану деңгейін төмендетуге және еңбек дауларын азайтуға оң әсерін тигізді. Жазатайым оқиғалардың алдын-алу – басты басымдықтардың бірі. Талдау нәтижелері көрсеткендей, өндірістік жарақаттанудың негізгі себептері – қауіпсіздік талаптарының сақталмауы, технологиялық тәртіптің бұзылуы және қызметкерлердің жеткіліксіз оқытылуы. Осыған байланысты алдын алу шараларын күшейту, жұмыс орындарындағы қауіп-қатерді жүйелі бағалау және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету бағытында нақты ұсынымдар әзірленді.

2026 жылға арналған негізгі міндеттерге келсек, алдағы кезеңде еңбек саласындағы мемлекеттік саясат келесі бағыттарға шоғырландырылатын болады:

Қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету жүйесін жаңғырту және өндірістік тәуекелдерді басқарудың заманауи әдістерін енгізу;

Кәсіпорындарда еңбек қауіпсіздігі стандарттарын халықаралық тәжірибеге сәйкестендіру;

Еңбек саласын цифрландыруды жалғастырып, деректерге негізделген басқару шешімдерін енгізу;

Әлеуметтік әріптестікті дамыту арқылы жұмыс беруші мен жұмыскердің ортақ жауапкершілігін арттыру;

«Еңбек шарттарының есепке алудың бірыңғай жүйесі» арқылы еңбек шарттарын электронды түрде енгізу;

Кәсіби тәуекелдерді бағалау бойынша бекітілген жоспарға қол жеткізу.

«Тұрақты еңбек – қауіпсіз қоғам негізі». 2025 жылдың қорытындысы еңбек қатынастарын реттеу мен өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстың жүйелі түрде жүргізіліп жатқанын көрсетті.

2026 жылы бұл жұмыс жаңа тәсілдермен жалғасып, басты назар адам өмірі мен денсаулығын қорғауға, лайықты еңбек жағдайларын жасауға және еңбек саласының тұрақты дамуына аударылатын болады.

Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті

Автор: admin