• 23 февраля, 2026 2:38 пп

ШЫМКЕНТТЕ 10 МЕКТЕП ПЕН 1 БАЛАБАҚША КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТТІ

Автор:admin

Фев 23, 2026

 

Шымкентте өткен жылы «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында жоспарланған 17 300 орындық 12 мектеп толық пайдалануға берілді. Нәтижесінде, үш ауысымды мектеп мәселесі толығымен жойылды.
Қалалық білім басқармасының мәліметі бойынша, өткен жылы қосымша 4 145 орындық сегіз мектептің құрылысы жүргізіліп, соның ішінде №50 мектепке 575 орындық қосымша құрылыс пен Тельман шағын ауданында 1 200 орындық мектеп пайдалануға берілген. Сонымен қатар жергілікті бюджет есебінен 10 мектеп пен 1 балабақша күрделі жөндеуден өтті.
Қала әкімдігінің білім баасқармасы аталған саласының цифрландырылуы мәселесіне де ерекше назар аударып отыр. Басқарманың дерегіне сүйенсек, барлық мектептердегі бейнебақылау жүйелері қалалық полиция департаментінің жедел басқару орталығына қосылып, «Айқын» интеллектуалды жүйесі енгізілуде.

Автор: admin