• 2 февраля, 2026 12:29 пп

2026: КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМА – ХАЛЫҚ БАСТАМАСЫ МЕН АШЫҚТЫҚ НЕГІЗІНДЕ

Автор:admin

Фев 2, 2026

 

Қазақстанда 2026 жылы жүзеге асырылатын Конституциялық реформа – елдің саяси жүйесін жаңғыртуға бағытталған маңызды қадам болып отыр. Реформа кезеңінде ашықтық пен азаматтардың тікелей қатысуы басты назарға алынды.

Реформа кезеңінің негізгі оқиғалары:

08 қыркүйек 2025 – Президент Жолдауында бір палаталы Парламент құру бастамасын жариялады.

08 қазан 2025 – Парламенттік реформалар жөніндегі жұмыс тобын құру туралы Жарлыққа қол қойылды.

16 қазан 2025 – ҚР Президентінің төрағалығымен жұмыс тобының алғашқы отырысы өтті.

Реформа аясында Otinish және eGov порталдары арқылы азаматтардан 2000-нан астам өтініш түсті. Барлық өтініштер 2025 жылғы қазаннан 2026 жылғы қаңтарға дейінгі кезеңде жұмыс тобының отырыстары аясында мұқият қаралды. Бұл – азаматтардың мемлекеттік саясатқа тікелей қатысуының нақты дәлелі.

Жаңа Конституциялық реформа ел басқару жүйесін жетілдірумен қатар, халықтың пікірін ескере отырып, заңдардың ашықтығы мен әділеттілігін қамтамасыз етуді мақсат етеді.

Автор: admin