• 30 января, 2026 1:47 пп

Қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан сақтандыру туралы

Автор:admin

Янв 29, 2026

Құрметті жұмыс берушілер! ҚР Еңбек кодексінің 23-бабы, 2-тармағы,
15) тармақшасына сәйкес, жұмыс беруші: жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыруға міндетті. Бұл жөнінде, Сіздерге enbek.kz порталы арқылы хабарламалар жіберілген.

Осы орайда, Сіздерді жазатайым оқиғалардан сақтандыру шартын жасасуға шақырамыз! Себебі, 2026 жылдың бірінші тоқсанында аталған сақтандыру шартын жасамаған кәсіпорындарға тексеру жүргізу жоспарлануда.

ЕСКЕРТУ! ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің талабына сәйкес, міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актісіне сәйкес міндетті сақтандыру шартын жасаспауы мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiне (4 325 000 теңгеге) дейін айыппұл салуға әкеп соғады (2026 жылы 1 АЕК 4 325 теңгеге тең).

Қызметкерлерді уақытылы сақтандыру — еңбек заңнамасын сақтау ғана емес, олардың құқықтары мен денсаулығын қорғауға бағытталған әлеуметтік жауапкершілік екенін назарларыңызға жеткіземіз.

Аталған сақтандыру түрін уақытылы рәсімдеу еңбек заңнамасының талаптарын орындауға, қызметкерлердің құқықтарын қорғауға және жұмыс берушінің заң алдындағы жауапкершілігін төмендетуге септігін тигізеді.

Сақтандыру шарты жасалған кәсіпорын жұмыскерінің сақтандыру компаниясынан алатын көмегі

КӨМЕК АЛУШЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

(мысал ретінде)

Аты-жөні

Туған күні/жасы

23.07.1992 жыл/34

Жынысы

Ер

Мамандығы

Жүк тасушы

Отбасылық жағдайы

Үйленген

Шарт жасасу себебі (қайтыс болуы/кәсібиеңбек ету қабілетініңжоғалтуы)

Еңбек жарақаты;
Диагнозы: оң қолдың 2, 3, 4 саусақтарыныңтравматикалық ампутациясы;
Кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылуы белгіленген күн: 01.11.2024 жыл;
Белгіленген мерзімі: 01.11.2024 — 23.07.2025 жыл аралығына;
Кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі: 55%;
Жұмыс берушінің кінәсі: 100%;
Мүгедектік тобы: 3.

Аннуитеттік төлемдер кезеңі: 01.11.2024 – 23.07.2025 жыл аралығы;

Орташа жалақы: 120 470,9 теңге;

Сақтандыру төлемі: (66 259 * 1,07) = 70 897 теңге (инфляцияның өсуіне 2024 жылғы индекстеу);

Сақтандыру төлемі: 70 897 – 24 189 = 46 708 теңге;

Аннуитет факторы (индекстеуді ескере отырып есептеледі) = 330,87 (инфляцияның өсуіне 2024 жылғы индекстеу);

Сақтандыру сыйлықақысы: 46 708 * 330,87 = 15 454 276 теңге.

ҚР Еңбек және халықтыәлеуметтік қорғау министрлігі

Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің

Түркістан облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі

Автор: admin