• 25 декабря, 2025 2:52 дп

Туған жерге сүйіспешілік – Патриоттықтың бастауы.

Автор:admin

Дек 23, 2025

Жаңа қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу. Міне, осы басымдықты Қазақстан Республикасының Президенті «Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асыру аясында негізгі деп айқындалған болатын. Осы орайда патриотизм ол туған жерден бастау алады. Туған қалаңды, жеріңді сүю, бұл нағыз патриоттықтың белгісі. Әрине, біздің өңірдің облыс орталығы бұл көне – Түркістан. Қазақ халқы және түркітілдес елдер үшін Түркістанның орны айрықша. 2018 жылы Түркістан облысы құрылды. Түркістан қаласы облыс орталығына айналып, рухани астана ретінде дамып жатқанына 6 жыл толды. Осы уақыт аралығында өңірді дамыту іс-шаралары аймақтың экономикасына тың серпін берді. Түркістан бүгінде миллиондаған туристер мен қонақтардың тамашалауға асығып келетін мекеніне айналды. Бүгінгі Түркістан – тек әлеуметтік-экономикалық жағынан ғана дамып қоймай, мәдени-идеологиялық жағынан да дамып жатқан өңір. Сол себепті, Түркістан қазақ үшін құнды қалаға айналып отыр. Мемлекеттің ең жоғарғы басқару тізгінін қолға алған мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алғашқы президенттік іссапарын қасиетті Түркістан қаласынан бастаған болатын. Айта кетейік, ұлы ойшыл Ахмет Ясауи бабамыз осы Түркістанда өмір сүрген. Ол күллі елге ізгілік нұрын шашып, адамзатқа шынайы еңбек еткен. Сонымен бірге, Түркістан бірнеше ғасыр бойы Қазақ хандығының астанасы болды. Мұнда тарихымыздағы тағдыршешті шешімдер қабылданған. Түркістанда қазақтың 21 ханы, 8 сұлтаны, елуден астам қол бастаған батырлары, 23 биі бастаған ұзын саны 280-нен астам ұлтымыздың жақсылары мен жайсаңдары жерленген. Түркістан – Еуразияның жауһары. Мемлекет басшысы Түркістан қаласын тек облыс орталығы ғана емес, жалпы түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы ретінде дамыту жөніндегі тапсырма берген еді. Айталық, Түркістан қаласы тек әлеуметтік-экономикалық жағынан ғана дамып қоймай, мәдени-идеологиялық жағынан да дамуы тиіс. Бірінші – Түркістанға келген адам күллі Қазақ мемлекетінің басынан өткен тарихи оқиғалардан, қазақтың этнос ретінде мәдениетінен мәліметтер алатындай болуы тиіс. Екінші – Түркістанда әлемдік деңгейдегі шеберлер орталығы жұмыс істеуі керек. Үшінші – Түркістан тоғыз жол торабында орналасқан сауда орталығына айналуы керек. Ахмет Ясауи кесенесі діни ғұламалар мен әулие-әнбиелерді, хандар мен билерді, батырлар мен ақындарды, яғни халық үшін өзін құрбан еткен тұлғаларды жерлеген үлкен қабірстанға айналғанын білеміз. Сондықтан бабаларымыздың көзіндей болып тарихтан жеткен зәулім ескерткіштер, қабірстандар мен қорымдар, аңыздар мен тарихи жұрнақтар Түркістанның абыройын асқақтатып, күллі түркінің көз тіккен жауһарына айналды. Осы ерекшелігін де сақтаған жөн. Түркістан қаласының  мәдени-рухани бағытта дамуы мен экономикалық әлеуетін көтеру бойынша президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың жүктеп отырған міндеттері мен бағдарламаларын орындау бағытында облыс басшысы Дархан Сатыбалды бастаған жергілікті атқарушы биліктің атқарып жатқан жұмыстары ауқымды. Өңірде көп жұмыстар жүзеге асып жатқанын көріп жүрміз. Осы тұрғыда, басты-басты деген ілкімді жұмыстарға тоқтала кеткенді жөн санадық. Түркістан бүгінде тек бауырлас – түркітілдес мемлекеттермен ғана емес, басқа да көптеген елдермен рухани-мәдени және экономикалық тұрғыда тығыз қарым-қатынас орнатқан Орталық Азиядағы ірі орталыққа айналды. Олай дейтініміз, рухани қаланың осы алты жыл ішінде адам танымастай жылдам өзгеруі және әлеуетінің қарқынды дамып жатқаны – соның айғағы. Бүгінде тағылымды тарихы бар Түркістанды тамашалауға алыс-жақын шетелдерден ағылып келіп жатқан миллиондаған туристер мен қонақтар қасиетті шаһардың өткен тарихына тереңдей қаныға түсуге және қайта жанданып жатқан тіршілігіне тамсана қарайтын болған. Өңірде халық саны да күн санап артып келеді.

JSK ENTER MEDIA

Автор: admin