• 28 ноября, 2025 1:37 пп

Құрметті Жұмыс берушілер!

Автор:admin

Ноя 28, 2025

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 ақпандағы №30 «Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» Заңына сәйкес, жұмыс беруші өз қызметкерлерін еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару кезінде жазатайым оқиғалар мен кәсіби аурулардан сақтандыруға міндетті.

Сіздерге бұған дейін enbek.kz порталы арқылы жазатайым оқиғалардан сақтандыру шартын жасасу туралы хабарлама жіберілген.

Осыған орай, ұйымдарыңызда еңбек қатынасында тұрған қызметкерлерді еңбек міндеттерін орындау барысында туындауы мүмкін жазатайым оқиғалардан және кәсіби аурулардан сақтандыру бойынша заңда көзделген талаптарды орындауға шақырамыз.

Қызметкерлерді уақытылы сақтандыру — еңбек заңнамасын сақтау ғана емес, сонымен қатар олардың құқықтары мен денсаулығын қорғауға бағытталған әлеуметтік жауапкершілік. Аталған сақтандыру түрін уақытылы рәсімдеу еңбек заңнамасының талаптарын орындауға, қызметкерлердің құқықтарын қорғауға және жұмыс берушінің заң алдындағы жауапкершілігін төмендетуге септігін тигізеді.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 230-бабы, 1-тармағына сәйкес, сақтандыру ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiндекөзделген мiндеттi сақтандыру шартын жасасудан жалтаруы – үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде (яғни, 1 179 600,00 теңге) айыппұл салуға әкеп соқса, осы баптың 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актісіне сәйкес міндетті сақтандыру шартын жасасуға міндетті тұлғаның міндетті сақтандыру шартын жасаспауы мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiне дейін (яғни, 3 920 000,00 теңге) айыппұл салуға әкеп соғатынын назарларыңызға жеткіземіз.

Осы бағытта жуық арада тиісті шаралар қабылдап, (қызметкерлерді еңбек міндеттерін орындау барысында туындауы мүмкін жазатайым оқиғалардан және кәсіби аурулардан сақтандыру шарттарын жасасуарқылы) шарттардың көшірмелерін mei@iturkistan.kz электронды поштасынаұсынуды сұраймыз.

Құрметпен,

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік

қорғау министрлігі

Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің

Түркістан облысы бойынша департаменті

басшысының орынбасары​​​​​М.Тулендиев

Автор: admin