• 14 декабря, 2025 7:28 пп

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КҮНІ ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Автор:admin

Ноя 20, 2025

Наурыз айы — ізгіліктің, ынтымақ пен бірліктің арта түсетін мерзімі. Бұл айда адамдар бір-біріне ілтипат көрсетіп, үлкенге құрмет — кішіге ізет жасауды дәстүрге айналдырған. Ордабасы ауданында осындай игілікті істер легі жалғасып, Наурызнаманың он күндігі аясындағы Қайырымдылық күні аудан әкімінің орынбасары И.Турнияз бен аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ә.Ысхах және ауыл әкімі Н.Байбахов аудандағы Ұлы Отан соғысының жалғыз ардагері, өнегелі ғұмыр кешкен ақсақал Мұратов Қалмен атаның шаңырағына арнайы барып, оны көктем мерекесімен құттықтады.

Ордабасы ауданының  әкімінің орынбасары ақсақалға жүрекжарды лебізін білдіріп, Отан үшін от кешкен жанның бейбіт өмірде кейінгі ұрпаққа үлгі болып отырғанына алғыс айтты.

Ардагерге арнайы сый-сияпат көрсетіліп, елге сіңірген өлшеусіз еңбегі үшін құрмет білдірілді.

Қалмен ата өзін құттықтап, ардақтап келген ел азаматтарына ақ батасын беріп, Наурыздың берекесі арта берсін деген ізгі тілегін арнады.

Бұл игілікті шара – аға буынға деген шынайы ықыластың белгісі. Қайырымдылық – тек бір күндік іс емес, жүректен жүрекке жететін қасиетті амал. Үлкенге құрмет, кішіге қамқорлық ешқашан үзілмесін!

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin