• 14 декабря, 2025 7:21 пп

ORDABASY: АЛТЫН ҚҰРСАҚТЫ АНАЛАР АРДАҚТАЛДЫ

Автор:admin

Ноя 20, 2025

8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай Ордабасы ауданының  әкімі Азат Оралбаев ауылдық округтердегі көпбалалы аналардың шаңырақтарында болып, әулеттің берекесі мен ұйытқысына айналып отырған аяулы аналарды мерейлі мерекемен құттықтады.

«Халқымыз қашан да ананы ардақтап, әйелдерді қастерлеп, шаңырақтың ұйытқысы, ырыс пен ынтымақтың алтын діңгегі деп бағалаған. Жылына бір тойланатын мерекеде барша ана, қыз-келіншектеріміздің еңбектерін бағалап, сый құрмет көрсету біздің парызымыз» — деді Азат Оралбаев.

Асыл аналарды ардақтау барысында оннан аса баланы дүниеге алып келіп, оны бағып-қағып қана қоймай түрлі салада қарапайым жұмысшы болып қызмет атқарған аналармен сұхбат жүргізіп, мерекеге орай сый-сияпат жасады.

Өз кезегінде ардақты аналар аудан әкіміне арнайы құттықтап келгеніне ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтты.

Айта кетсек, Қараспан ауыл округіне қарасты Берген ауылының тұрғыны Оразкүл Арыстанбайқызы бұрынғы (Қараспан совхозы, Обручевка) елді мекенінде дүниеге келген. Бүгінде 3 ұл 3 қызы өсіріп, одан 23 немере, 6 шөбере көріп отыр. 40 жыл ауыл шаруашылығында еңбек атқарған.

Қажымұқан ауыл округіне қарасты Қажымұқан ауылының тұрғыны Ұлбосын Ақмолдақызы 4 баланы дүниеге әкеп, одан 11 немере, 7 шөбере сүйіп отыр. Ұлбосын апа Қажымұқан совхозында жұмыс жасап, трактор, комбайн айдаған. СССР кезінде депутат болып сайланған.

Темірлан ауылының тұрғыны Оразкүл Алшынбаева 13 ұл-қыз тәрбиелеп, одан 50 немере, 35 шөбере көріп отыр.

 

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin