• 14 декабря, 2025 7:28 пп

ORDABASY: АЛҒЫС АЙТУ МЕРЕКЕСІ ШӘМШІ АЛЛЕЯСЫНДА ЕРЕКШЕ АТАЛЫП ӨТТІ

Автор:admin

Ноя 18, 2025

Бірлік пен татулық мекені Ордабасы ауданында 1 Наурыз-Алғыс айту мерекесіне арналған салтанатты шарасы Шәмші аллеясында ерекше аталып өтті. Бұл мерекелік жиын Қазақстан халқының бірлігі мен татулығын нығайтуға бағытталған ерекше күннің маңыздылығын айшықтайды.

Салтанатты шараға аудан әкімі Азат Оралбаев, аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағалары, құқық қорғау орган басшылары, түрлі этнос өкілдері, аудан тұрғындары мен қонақтары қатысты. Аудан басшысы Азат Әбдіғалиұлы айтулы мерекеде еліміздегі ынтымақ пен бірліктің жасай беруін қазақстандық патриотизмнің, достық пен бірлігіміздің мызғымастығын ұлықтап жүрген барша ордабасылықтарға шынайы құттықтауын жеткізді.

Мерекелік шараның басы қазақтың ұлттық тағамы-бауырсақ пен дәстүрлі сусындары қымыз бен қымырандары, этнос өкілдерінің ұлттық тағамдары келгер қонақтарға ұсынылды. Ұлттық нақышта әсемделген қолөнер көрмесі мен спорттық шарасымен жалғасты. Аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарлама жиналған қауымға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Бүгінгі таңда аудандағы 57 елді мекенің 16-сында төрт мыңнан астам 18 ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүріп келеді. Сонымен қатар ауданда славян, түрік және күрді этно мәдени орталығы, Қазақстан халқы ассамблеясының Ақсақалдар кеңесі, аналар кеңесі жұмыс жасайды.

Шара соңы мерекелік көңілді әуендермен жалғасып, “Шәмші”, “Ана мен бала” аллеясында жиналған жұртшылық қауыммен бірге “Таза Қазақстан” эко акциясы аясында ағаш егу науқаны ұйымдастырылды. “Асыл әжелер” алқасынан құралған ақжаулық аналарымыз, аудан жастары, білім бөлімінің қызметкерлерімен бірге аудан әкімі Азат Оралбаев келген қонақтар қазақы салт-дәстүрмен жаңадан егілген ағаштардың түбіне ақ бүркей отырып, ағаш көшеттерін орналастырды.

Көктемнің алғашқы күнінде аудан көлемінде ағаш егу науқаны басталып, 21 150 мың дана ағаш көшеттері отырғызылды. Одан бөлек 4500 ге жуық адамның қатысуымен өткен тазалық шарасында 75 шақырым көше бойларындағы шөптерді шабу, ирригациялық жүйелер толығымен тазаланып, нәтижесінде 28 тонна қоқыстар арнайы орынға шығарылды.

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin