• 23 февраля, 2026 10:15 пп

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ ОРДАБАСЫ АУДАНЫНА ІССАПАРМЕН КЕЛДІ

Автор:admin

Ноя 17, 2025

Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет қағидатын нақты іске асыру мақсатында елімізде халықпен кері байланыс орнату, әлеуметтік салаларды дамыту және мемлекеттік қолдаудың тиімділігін арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Осы міндеттер аясында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерлан Әбдиев Ордабасы ауданына арнайы іссапармен келіп, әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау және мәдениет салаларындағы маңызды нысандарды аралап, тұрғындармен ашық форматтағы кездесулер өткізіп, ауданның өзекті мәселелері мен шешімдерді талқылады.

Парламент қабырғасында Ерлан Тұрсынбайұлы бүгінде ерекше қажеттілігі бар адамдардың мүддесін қорғау Парламентте ерекше назарға алынып, «AMANAT» партиясы жанынан “Инклюзивті Парламент” жұмыс тобының атқарған жұмыстарын айтты.

Жиынға Ордабасы ауданы әкімінің орынбасары Олжас Болатханұлы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бостандық Жәкей қатысты.

Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бостандық Жәкей Мемлекет басшысының «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидасына негізделіп, ықпалды Парламенттің рөлін халық сезініп жатқандығын және Ордабасылықтардың мәселелерін шешу үшін Орталық мемлекеттік органдарға ықпал еткені үшін Ерлан Тұрсынбайұлына алғысын жеткізді.

Кездесу ары қарай Ордабасы аудандық орталық ауруханасында жалғасты. Аурухана басшысының міндетін уақытша атқарушы Сырлан Кенжеев аурухананың тыныс-тіршілігімен таныстырып, ауданаралық көпбейінді аурухана құру бойынша жұмыстарын баяндады. Мәжіліс депутаты Республика бойынша ауданаралық көпбейінді 32 аурухананың бірі Ордабасы ауданында екендігін атап өтті.

Сондай-ақ, Мәжіліс депутаты «Қажымұқан атындағы облыстық спорт музейіне» барды. Даңқты палуанның экспонаттарымен танысып, ұжымның алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі!

Кездесу соңында Ерлан Тұрсынбайұлы мұражайдың Құрметті қонақтар кітабына өзінің қолтаңбасын қалдырды.

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin