• 14 декабря, 2025 7:28 пп

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРГЕ ҚАТЫСТЫ МОНИТОРИНГ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Автор:admin

Ноя 19, 2025

Ордабасы ауданы, Шұбар ауыл округтерінде орналасқан бірқатар мемлекеттік мекемелер мен білім беру ұйымдарында мемлекеттік рәміздердің қолданылуына байланысты аудандық ішкі саясат бөлімінің бастамасымен мониторинг жұмыстары жүргізілді.

Мониторингтің мақсаты – рәміздердің стандартқа сай қолданылуын, дұрыс орналастырылуын және олардың техникалық жағдайын тексеру. Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш пен елдіктің белгісі болғандықтан, олар әрбір мемлекеттік мекемеде тиісті талаптарға сай болуы тиіс.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, мемлекеттік рәміздер авторларының идеясы мен мазмұны сақталуы қажет. Сонымен қатар, стандарттарға сәйкес, жыртылған немесе кірленген рәміздерді пайдалануға қатаң тыйым салынады.

Нәтижесінде 7 мемлекеттік және білім беру мекемелерге мониторинг жасалынып, бірқатар кемшіліктер анықталып, оларды жою бойынша ескерту берілді.

Ішкі саясат бөлімі мекеме басшыларын мемлекеттік рәміздерге ерекше жауапкершілікпен қарап, олардың жағдайын үнемі бақылауда ұстап, ескірген немесе жарамсыз күйге түскен жағдайда уақтылы ауыстырып, жою жұмыстарын жүргізу қажет.

 

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin