• 14 декабря, 2025 7:19 пп

ОРДАБАСЫ АУДАНЫ — ИНВЕСТОРЛАР ҮШІН ТАРТЫМДЫ ӨҢІР!

Автор:admin

Ноя 20, 2025

Ауданымызда инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасау — басты назарда!

Осы ретте аудан әкімінің орынбасары Мейрамбек Ақмұратов тиісті сала қызметкерлерімен жаңа инвестициялық жобалардың іске асуы жолындағы өзекті мәселелерді талқылады.

2025–2026 жылдары іске асуы жоспарланған жобалар:

➖«Tendence» ЖШС — 25 млн АҚШ долларын құрайтын жеңіл тікұшақ құрастыру зауыты;

➖«QazGarden» ӘКК — 400 млн тг көлеміндегі жеміс-жидектерді өңдеу жобасы;

➖«Южтехкострой» ЖШС — 6,4 млрд тг құрайтын микрокристалды тас пен сәндік көбік өндіру;

➖ЖК «Тулеуова» — 55 млн тг көлеміндегі қымыз, шұбат, компот өндіретін цех.

Бұл жобалар іске асқанда ауданның кіріс көлемін арттырып, әлеуметтік-экономикалық дамуына тың серпін беріп, жаңа жұмыс орындары ашылады.

Ордабасы — болашағы зор өңір. Инвесторлар үшін есік әрқашан ашық!

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin