• 27 ноября, 2025 11:42 дп

ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА ИНВЕСТОРЛАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Автор:admin

Ноя 26, 2025

Мемлекет басшысы жақында жариялаған Жолдауында еліміздің экономикалық дамуы үшін инвестиция тартудың айрықша маңыздылығын атап өтті. Президент шетелдік және отандық инвесторлар үшін қолайлы жағдай қалыптастыруды, инфрақұрылымдық қолдауды күшейтуді және өңірлерде жаңа жұмыс орындарын ашатын жобаларды ілгерілетуді тапсырды.

Осыған орай бүгін аудан әкімі Азат Оралбаевтың төрағалығымен инвесторлармен арнайы жиын өтті.

Кездесуге шетелдік және отандық инвестициялық жобалардың өкілдері қатысып, ауданда атқарылып жатқан және алдағы уақытта жүзеге асырылатын бірқатар жобалар талқыланды. Басқосуда газ, ауызсу жүйесі және инфрақұрылымдық қолдау мәселелері қаралды.

Аудан басшысы өз сөзінде аудан әкімдігі тарапынан инвесторларға қажетті қолдау көрсетілетінін атап өтіп, жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді. Сондай-ақ, бөлім басшыларына аталған бағыттағы жұмыстарды жүйелі жүргізіп, инвестициялық жобалардың сапалы әрі уақытылы орындалуын қамтамасыз ету міндеттелді.

Жиын соңында Азат Әбдіғалиұлы алдағы уақытта ауданда жаңа жобаларды іске асыруға, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға және экономикалық өсімге серпін беруге ерекше назар аударылатынын жеткізді.

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin