• 14 декабря, 2025 7:34 пп

ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА ЖЫЛЫНА 14 МЫҢ ТОННА ҰН ӨНІМДЕРІН ӨНДІРЕТІН КӘСІПОРЫН ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

Автор:admin

Ноя 19, 2025

Ауданымыздағы Бадам ауылында жылына 14 мың тонна ұн өнімдерін өндіретін кәсіпорын іске қосылады. TOO «Keruen Products» өндірістік бірлестігі макаронның 10 түрін және тез дайындалатын кеспе түрлерін шығарып, 120 адамды тұрақты жұмыспен қамтымақ.

Жалпы 5,5 гектар аумақта орналасқан бұл өндірістік жоба іске қосылған соң жергілікті бюджеттің кіріс көлемін арттыратын болады.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin