• 12 января, 2026 4:55 дп

Ордабасы ауданы әкімі  аппаратының басшысы Кадиев Жуманалы және Түркістан облысы бойынша ІМАД бөлімінің басшысы, әдеп жөніндегі уәкіл Садықбеков Асхат Тұрсынхановичтің қатысуымен аудандық деңгейде маңызды жиын өткізілді.

Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтау, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау және алдын алу бағытындағы жұмыстар жан-жақты қарастырылды.

Жиында ауданның білім, мәдениет және спорт салаларының басшылары мен жауапты қаржы саласының мамандары қатысып, өз бағыттары бойынша пікірлерін ортаға салды. Әрбір саладағы ашықтықты қамтамасыз ету, қоғамның сенімін арттыру және мемлекеттік қызметшілердің әдептілік деңгейін көтеру бағытында нақты ұсыныстар айтылды.

Сондай-ақ, жиын барысында онлайн бюджеттік мониторинг (ОБМ) жүйесінің бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын бақылаудағы рөлі мен маңызы түсіндірілді. Бұл жүйе арқылы бюджет қаражатының мақсатты әрі ашық жұмсалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мүмкіндіктері атап өтілді.

Сонымен қатар, білім бөлімі басшысы мен орталықтандырылған есеп-қисап бөлімі мамандарына анонимді сауалнама жүргізілді. Сауалнама нәтижелері мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормалары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетке қатысты көзқарасын анықтауға бағытталды.

Жиын соңында қатысушыларға өз қызметінде заңдылықты, әділдікті және ашықтықты сақтаудың маңыздылығы тағы бір мәрте ескертілді. Әдеп жөніндегі уәкіл тарапынан нақты ұсыныстар мен практикалық кеңестер берілді.

Шараның басты мақсаты — мемлекеттік қызметшілер арасында жоғары әдеп мәдениетін қалыптастыру, қызметтік міндеттерді адал әрі жауапкершілікпен орындауға ықпал ету және қоғам тарапынан сенім деңгейін арттыру болып табылады.

Жиын қорытындысы бойынша тиісті тапсырмалар беріліп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен әдеп нормаларын сақтау бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру міндеттелді.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin