• 15 декабря, 2025 11:45 пп

ЕСІРТКІГЕ ҚАРСЫ ЫҚПАЛ

Автор:admin

Ноя 19, 2025

Ордабасы ауданы бойынша жалпы білім беретін мектептерде жастар арасында құқықтық сананы қалыптастыру, қоғамдағы тәртіп пен қауіпсіздікті нығайту бағытында “Заң мен тәртіп” қағидатын ілгерілету жұмыстары қарқынды жүріп келеді. Осы мақсатта Қараспан ауыл округіндегі “Б.Оңтаев” жалпы орта мектебінде оқушылар мен ата-аналарға арналған “Бұзушылыққа тоқтам” және “Нашақорлыққа жол жоқ” тақырыптарында кеңейтілген кездесу өткізілді.

Бұл басқосудың маңызы — жасөспірімдерге есірткінің зияны туралы түсіндірумен ғана шектелмей, олардың өмірлік құндылықтарын дұрыс таңдауына бағыт беру, ал ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін күшейту.

Кездесудің басты мақсаты: Жасөспірімдер мен ата-аналарды нашақорлықтың адам денсаулығына, психологиясына және әлеуметтік өміріне тигізетін зияны туралы жан-жақты ақпараттандыру;

Нашақорлықтың алдын алу жолдарын түсіндіру, жастарды салауатты өмір салтына баулу;

Оқушыларды психоактивті заттардан алшақ жүрудің маңыздылығына шақыру.

Кездесудің міндеттері:

Нашақорлықтың қоғамға, денсаулыққа және тұлғалық дамуға тигізетін қауіп-қатерін нақты деректермен түсіндіру;

Оқушыларға дұрыс шешім қабылдауға, өзін-өзі қорғау дағдыларын қалыптастыруға көмектесу;

Ата-аналарға бала тәрбиесінде бақылау, қолдау және сенімді қарым-қатынастың ерекше рөлін жеткізу.

Кездесуге Ордабасы аудандық прокуратурасының прокуроры Төлеметов Шыңғыс Қыдыралыұлы, Ордабасы аудандық білім бөлімінің әдіскері Алимкулов Нуртас Курманович, сондай-ақ Ордабасы аудандық полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі аға инспекторы Көпбосын Ақтөре Садықұлы қатысып, мазмұнды баяндамалар жасады.

Мамандар нашақорлықтың алдын алу жолдарын, ата-ана мен бала арасындағы сенімді байланыс құрудың маңызын және жасөспірімдердің қауіпсіз ортасын қалыптастыру тәсілдерін терең түсіндірді. Кездесуде нақты өмірден алынған мысалдар талқыланып, қатысушылар көкейіндегі сұрақтарына толық жауап алды.

Шара пікір алмасу форматында өтіп, оқушылардың да, ата-аналардың да ойында үлкен әсер қалдырды. Қатысушылар мұндай кездесулердің жасөспірімдерге дұрыс бағыт беруде, қауіп-қатерден сақтандыруда маңызы зор екенін атап өтті.

Салауатты ұрпақ – жарқын болашақтың кепілі.

Өзіміздің және жақындарымыздың амандығы үшін есірткінің алдын алуда әрқайсымыз белсенді болуымыз қажет.

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin