• 24 ноября, 2025 8:41 дп

ҚҰМАРЛЫҚСЫЗ ӨМІР — САНАЛЫ БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ

Автор:admin

Ноя 17, 2025

    Құмар ойын – адам психологиясына қатты әсер ететін тәуелділіктің бір түрі. Бұл мәселе тек ойынқұмар адамның өміріне ғана емес, оның отбасына, жақындарына, тіпті бүкіл қоғамға зиянын тигізеді. Қазақстанда соңғы жылдары лудоманияның кең таралуы алаңдаушылық тудырып отыр. Оған қарсы күресу үшін мемлекет түрлі шаралар қабылдап жатса да, әлі де шешімін таппаған мәселелер көп. Құмар ойындардың зияны қандай? Лудомания – адамды үнемі бәс тігуге итермелейтін психологиялық тәуелділік. Оның ең негізгі зиянды салдары мыналар: Қаржылық мәселелер. Ойынқұмар адамдар ақшасын құртып, үлкен қарызға батады, кейде мүлкінен де айырылып жатады. Отбасылық қиындықтар. Құмар ойынға берілгендер отбасына көңіл бөлмейді, сенімнен айырылады, нәтижесінде ажырасу жағдайлары жиілейді. Қылмыс пен заңсыз әрекеттер. Ақша табу үшін алаяқтық, ұрлық немесе басқа да заңсыз әрекеттерге бару жағдайлары кездеседі. Психологиялық және денсаулық мәселелері. Лудоманияға қарсы заңдар күшейтіліп, құмар ойындарды бақылау шаралары артып келеді. Құмар ойын мәселесін шешу үшін тек заңнамалық шектеулер жеткіліксіз. Бұл тәуелділікке қарсы кешенді шаралар қабылдау қажеттілігін туындатып отыр. Лудомандар жиі күйзеліске түседі, депрессияға ұшырайды, кейбірі тіпті суицидке дейін барады. Міне, осындай жағдайлардың алдын алу мақсатында Шымкент қаласының Жоғары медициналық колледжінде «Құмарлықсыз өмір – саналы болашаққа қадам» тақырыбында жастарға арналған профилактикалық кездесу өтті.  Кездесуге «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Жансерік Бауыржанұлы Жұман, Жоғары медицина колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айнұр Қожахметовна Булдырыкова, Шымкент қаласы ПД КҚІБ аға жедел уәкілі, полиция капитаны Мақсат Қалыбайұлы Шегірбай, PhD доктор, доцент, тәжірибелі психолог, гештальт-терапевт Салтанат Сайлауқызы Асанова қатысты.  Іс-шарада жастарға құмар ойын, ішімдік, нашақорлық секілді зиянды әдеттердің зияны мен олардың салдары туралы кеңінен түсіндіріліп, саналы таңдау жасауға бағытталған кеңестер берілді. Лудомания – тек бір адамның ғана емес, бүкіл қоғамның мәселесі. Қазақстанда бұл тәуелділікке қарсы күрес заңнамалық тұрғыдан жүргізіліп жатқаны рас, бірақ мәселені түбегейлі шешу үшін халықтың қаржылық және психологиялық сауатын арттыру қажет. Құмар ойынның алдын алу – ұлттық қауіпсіздік пен әлеуметтік тұрақтылықтың кепілі. Бұл күресте мемлекет, қоғам және әрбір азамат бірігіп әрекет етсе ғана, оң нәтижеге жетуге болады.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin