• 24 ноября, 2025 8:28 дп

Қызметіне берік, ел тыныштығын күзеткен жан

Автор:admin

Ноя 19, 2025

Жергілікті полиция қызметінің “полиция қадамдық қолжетімділікте” қағидаты бойынша реформаларында учаскелік полиция инспекторының(УПИ)  жұмысына барынша назар аударылған. Белгілі болғандай, Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев учаскелік полиция инспекторы мәртебесінің заңнамалық деңгейде артқанын  атап өтіп, оған нәтижелі жұмыс жасауы үшін барлық мүмкіндіктерді берді, өйткені жергілікті полиция қызметі халықпен тікелей байланыста болатын, халықпен ең тығыз қарым-қатынас жасайтын  полиция бөлінісі болып табылады. Ол танымал болуға,  сондай-ақ беделді, азаматтар үшін қолжетімді болуға және олардың құқықтарын белсенді қорғауға тиіс. Сонымен қатар құқық бұзушылықтар мен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу  бағытындағы УПИ өкілеттіктерін кеңейту мәселелеріне де ерекше назар аударылды. Сондай-ақ, халықпен қарым-қатынас мәселелерінде учаскелік полицейлердің әрекеттерінің қадамдық алгоритмдері тәжірибеге енгізілуде. Қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ету – үлкен жауапкершілік пен табандылықты талап ететін абыройлы міндет. Құқықтық жоғары білімнің, стреске төзімділіктің, адамдармен тез ортақ тіл табатын тұлға, жауапкершіліктің болуы міндетті шарттар болып табылады. Сондай-ақ өзін-өзі тәрбиелеу, кәсіби даму, тез шешім қабылдау қабілеті және халықпен жұмыста толерантты қарым-қатынас орнату секілді қасиеттерге басымдық берілетіні белгілі. Осындай ауыр да жауапты қызметті адал атқарып жүрген Шымкенттік полиция қызметкерлерінің арасында өз ісіне шын берілген әйелдер де бар. Солардың бірі – көші-қон қызметі бөлімінің аға инспекторы, полиция майоры Өтебай Ұлман Серікқызы. Ішкі істер органдарында он үш жылдан бері үздіксіз қызмет етіп келе жатқан Ұлман Серікқызы – Ішкі істер министрлігінің Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының түлегі. Қызмет жолын қарапайым инспектор ретінде бастаған ол бүгінгі таңда тәжірибелі маман, ұжымдағы беделді офицер. Көші-қон саласы – халықпен тікелей жұмыс істейтін, әрбір құжат пен әрбір өтініш артында адамның тағдыры тұрған жауапты сала. Майор Өтебай өз жұмысында әр азаматқа құрметпен қарап, заң талаптарының орындалуын қатаң қадағалайды. Ол қызметінде кәсібилік пен адамгершілікті қатар ұстанып, әріптестері мен азаматтардың сеніміне ие болған. Өзінің абыройлы еңбегі мен табанды қызметі үшін бірнеше мәрте ІІМ және қалалық Полиция департаменті тарапынан алғыс хаттармен және құрмет грамоталарымен марапатталған. Қызмет пен отбасын қатар алып жүрген ол – нәзік жандылар арасындағы нағыз үлгі тұтар тұлға. Жас мамандарға бағыт-бағдар беріп, кәсіби тәжірибесін бөлісуден жалықпайды.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin