• 24 ноября, 2025 11:01 дп

Шымкентте полиция ардагерлері мектеп оқушыларымен кездесті

Автор:admin

Ноя 13, 2025

Жалпы, полиция қызметкері – халықтың қорғаны. Қылмысты ашуда, қауіпсіздікті сақтауда полиция қызметкерлерінің еңбегі зор. Десек те, полиция қызметкерлерінің қызметін бағалау критерийлері қайта қарауды қажет етеді. Бізге ІІМ реформалау тек идеялар мен ұсыныстар жиынтығы ғана емес екенін түсіну керек. Полиция қызметкері болу үшін білім де, білік те, білек те керек. Сабыр, төзім және қажыр-қайрат қажет. Шапшаңдық пен жылдамдық, тез шешім қабылдап, жылдам әрекет ете білу қабілеті полицейге қажетті басты қасиеттердің қатарында. Ұстамды болуы, азаматтармен тіл табыса білуі, сыпайы болуы да аса маңызды. Осындай толып жатқан талаптардың үдесінен шығуға баса назар аударатын жандардың бірі біздің ардагер полициялар.  Шымкент қаласындағы А.Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектепте құқықтық тәрбие беру жұмыстары аясында «Жас сақшы» сыныбының оқушылары мен ішкі істер органдарының ардагерлерімен кездесу өткізілді. Іс-шараға Шымкент ҚПД Қаратау АПБ ҚҚБ ЮПТ аға инспекторы полиция майоры Манабаев Хусаин қатысты. Өз сөзінде ол:  — «Азамат болып ер жеткеннен ауданның құқық қорғау саласында қызмет еттім. Шүкір, көп тәжірибе жинадым. Бауырларыма қамқор болып, балалы-шағалы болдық. Осы жасқа келгенге дейін соңымыздан көптеген мықты кадрлар ерді. Тәлімгер болып, білікті мамандардың өсуіне, қызметті адал атқаруына үлес қостық. Аға буын өкілі ретінде бөлім басшылығы ардақтап, құрметтейді. Инспекторлықтан бастап бөлім бастығының орынбасарына дейін көтерілдім. Подполковник шенімен зейнетке шықтым. Атқарған қызметіме көптеген наградалар берілді. Ең бастысы халықтың тыныштығы үшін аянбадық. Талай қылмыстың алдын алдық, дер кезінде ашылуына атсалыстық,» – дейді 68 жастағы қарт полицей.

– Аға буын өкілдеріне қашанда құрметіміз жоғары. Ардагерлердің ақыл-кеңесі артық етпейді. Олардың тәжірибесі қазіргі жас кадрларға өте қажет. Бөлімдегі ардагерлердің бастауыш ұйымының төрағасымен кеңесіп, ардагерлердің басын қосып, кездесіп отырамыз. Полиция қызметінде сала ардагерлері қоғамнан тыс қалмайды, оларға қамқорлық таныту, сый-құрмет көрсету біздің парызымыз, – дейді полиция бөлімінің маманы. Кездесу барысында полиция ардагерлері оқушыларға өздерінің қызметтік тәжірибелері, өмірлік жолдары және құқық қорғау саласындағы адал еңбектері туралы әңгімелеп берді. Сонымен қатар, ел тыныштығы мен қоғамдық тәртіпті сақтау жолындағы маңызды міндеттер жөнінде түсіндірді. Оқушылар ардагерлерге өз сұрақтарын қойып, пайдалы кеңестер алды. Шара соңында ардагерлер болашақ ұрпаққа үлгілі азамат болуға, елге қызмет етуге шақырды.

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin