• 24 ноября, 2025 10:46 дп

Шымкентте полиция автомобилистерге түсіндірме жұмысын жүргізді

Автор:admin

Ноя 10, 2025

Полиция қызметкерлері жол қозғалысының жас инспекторларымен және Жастар ресурстық орталығының өкілдерімен бірлесіп, «Жол қауіпсіздігі апталығы» аясында профилактикалық акция өткізді. Іс-шара жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және жол ережелерін сақтау мәдениетін қалыптастыруға бағытталды. Күн сайын жолдарда жүздеген көлік қозғалып, мыңдаған адам түрлі бағытта сапар шегеді. Осындай қарбалас ортада жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету — мемлекет, қоғам және әрбір азаматтың ортақ міндеті. Осы мақсатта іс-шара барысында әсіресе алкогольдік масаң күйде көлік жүргізудің қауіптілігіне ерекше көңіл бөлінді. Акция қатысушылары автокөлік жүргізушілеріне пайдалы ақпараттар мен ескертулер бар парақшалар таратты, жол ережелерін сақтаудың және жолда жауапкершілік танытудың маңызды екенін еске салды. Тәртіп сақшыларының айтуынша, іс-шара жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға, апаттық жағдайлардың алдын алуға бағытталғанын атап өтті.Полиция өкілдерінің айтуынша, мұндай іс-шаралар жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жүргізушілердің жауапкершілігін арттыруға бағытталған. Түсіндіру барысында жүргізушілерге арнайы жадынамалар таратылып, сұрақтарына жауап берілді. Сонымен қатар полицейлер шағын жадынамалар таратып, жолда жиі кездесетін қателіктер туралы айтып, жүргізушілердің түрлі сұрақтарына жауап берді. Көлік тізгінінде жүргендер мұндай шараның пайдалы екенін айтып, кейбіреулері өздерінің білмей келген ережелері бар екенін мойындады. Полиция мұндай түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатынын, басты мақсат — айыппұл жазу емес, жол-көлік оқиғаларын азайтып, жүргізушілердің мәдениетін көтеру екенін атап өтті. Полиция  қоғам тыныштығы мен қауіпсіздігінің кепілі. Тәртіп сақшыларының жұмысы кейде көп көрінбегенмен, олардың атқаратын қызметі күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігі. Қоғам мен полиция арасындағы сенім неғұрлым жоғары болса, соғұрлым елдегі қауіпсіздік деңгейі де артатыны сөзсіз. Жол-көлік оқиғаларын болдырмау  тек полицияның немесе арнайы қызметтердің жұмысы емес. Бұл әрбір жүргізуші, жаяу жүргінші және қоғам мүшесінің ортақ жауапкершілігі. Жолда қарапайым ережелерді сақтау арқылы біз өзіміздің ғана емес, өзгенің де өмірін қорғай аламыз. Қауіпсіздік — саналы әрекеттен басталады.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin