Президент қоғамдағы әділдік, заңдылық және құқықтық тәртіп мәселелеріне баса мән беріп отыр. Бұл ұғымдар кейінгі жылдары күн тәртібіндегі негізгі тақырыптардың біріне айналды. Қоғамның қай саласын алмасақ та, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау, елдің экономикалық өркендеуі болсын, бәрі де әділдік пен заң үстемдігі орнағанда ғана іске асады. Мемлекет басшысы көтерген негізгі ой-тұжырымдары қоғам өмірінің барлық саласына қатысты. Қазақстанда қолға алынған «Заң мен тәртіп» қағидаты басқа елдердегі осыған ұқсас тәсілдерден айырмашылығы бар деп сеніммен айта аламыз. Өйткені біздегі тәсіл ұлттық идеологияға, елдің даму ерекшеліктеріне негізделген. Қазіргі таңда, еліміз заманауи сапалы әлеуетке көтеріліп жоғары деңгейге шығарудағы құқықтық сауаттандыру, түсіндіру шараларына, нормативті-құқықтық шығармашылық үрдіске басым назарға алынып отыр. Құқық қорғау органдарының құзыретіне қазіргі таңда стратегиялық бағыты болып табылып отқан азаматтардың құқықтық мәдениетін дамытып, құқықтық санасының әлеуетін күшейту басты мәселелердің бірі болып табылады. Бұл мәселе аясында құқықтық насихат жұмыстарын ауқымдандырыру, сапалық жағдайын жоғарылату іс қимылдарын жатқызамыз. Бұл орайда айта кететін жәйт, адам мен азаматтың Конституциялық және басқа да құқықтарын жүзеге асыруды қамтамасыз етіп, жадпы азаматтардың құқықтық білімдері мен құқықтық мәдени этикасын оңтайландырып құру мақсатында мемлекеттік органдар мен жоғары оқу орындары бұқаралық ақпарат құралдарында сөз қозғап, түрлі іс-шаралар, конференциялар, ашық сабақтар, семинар-брифингтер, дөңгелек үстелдер сияқты шараларды ұйымдастырып, Әділет министрлігіне қарасты ұйымдарымен, сонымен қатар облыстық мемлекеттік мекемелерімен тұрақты түрде өзара іс-әрекеттер жүзеге асырылуда. Қазіргі кезде барлық жалпы халық әлеуметтік желілерді белсенді пайдаланушылары болып табылады, халыққа кез келген ақпарат қол жетімді, кез келген азамат нормативті құқықтық актілермен танысып ақпарат ала алады, жүзеге асырылып жатқан түрлі құқықтық сауаттандыру жұмыстарынан хабардар бола алады. Осы орайда Шымкент қаласында ҚР ІІМ Б.Момышұлы атындағы оқу орталығында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге сот, прокуратура және полиция органдарының өкілдері қатысып, өз салаларындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар туралы баяндама жасап, практикалық тәжірибелерімен бөлісті. Іс-шара барысында қатысушылар сыбайлас жемқорлықтың себептері мен салдарын талқылап, оны болдырмаудың тиімді тетіктерін қарастырды.
Jsk ақпараттық агенттігі
