2025 жылдың алғашқы жартысында (Қаржы мониторингі агенттігінің деректері бойынша) 68 қылмыстық іс қозғалды, оларда қаржы пирамидаларын құру және басқару бойынша 20 млрд теңгеден аса шығын тіркелді, оның 13 млрд теңгеден астамы өтелген. Интернет-алаяқтық көрсеткіші де өсіп келеді. Мысалы, 2025 жылы ел бойынша 14 мыңнан астам интернет-алаяқтық дерек тіркелді, бұл өткен жылдың сол кезеңімен салыстырғанда 22% өсім болды. Осы орайда, Шымкенттегі ақпараттық-профилактикалық іс-әрекеттеріне тоқталсақ. Қалалық әкімдік пен құқық қорғау органдары жергілікті әлеуметтік желілерде, мессенджерлерде қаржы пирамидаларының зияны туралы бейнероликтер мен инфографикаларды үнемі жариялап келеді. Бұл контенттер елінің заңнамасымен үйлесімді түрде, әсіресе ҚР ҚК-ның 217-1-бабы мен ӘҚбК-нің 150-бабы талаптары аясында жасалуда. Мектеп және колледж деңгейінде қаржылық сауаттылық сабақтары өткізіліп, “Жалған уәде – қауіпті жол” эссе байқауы ұйымдастырылды. Telegram-боты арқылы компаниялардың тіркелу жағдайы мен сот үкімі туралы ақпараттар қарастырылып, тұрғындар өздері тексеру мүмкіндік алады. Шымкент қаласында қаржы пирамидаларына қарсы күрес заңнамамен қамтамасыз етілген: ҚР ҚК-ның 217, 217-1, 274 баптары; ӘҚбК-нің 150-бабы — бұл құқықтық негіз. Іс-әрекеттер нақты жүзеге асуда: іс қозғалған, жоба тоқтатылған, жарнама құралдарында бұғатталған, халыққа түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Бұл күрес тек мемлекеттің міндеті ғана емес: әрбір азамат заңды білуі, ұсыныстарды тексеруі, сенім-телефондарына жүгінуі керек. Әйтпесе, алдау мен алаяқтың құрсауы тоқтамайды. Қаржылық сауаттылық пен құқықтық сана қоғамды қорғаудағы ең сенімді құрал болмақ. Ескеретін жайт: Заң нормалары қалай іске қосылады? Егер біреу қаржы пирамидаларын ұйымдастырса немесе басқарса, ҚР ҚК-ның 217-бабы бойынша қылмыстық жауапқа тартылады, мүлкі тәркіленеді, бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін. Егер ұйым немесе жеке тұлға пирамидалық схема туралы жарнама жасаса — ҚР ҚК-ның 217-1-бабы, сондай-ақ ӘҚбК-ның 150-бабы бойынша әкімшілік жаза немесе қылмыстық іс қозғалу мүмкіндігі бар. Жалған ақпарат тарататындарға — ҚР ҚК-ның 274-бабы — айыппұл, қоғамдық жұмыстар немесе кей жағдайда бас бостандығынан айыру санкциялары белгіленген.
Jsk ақпараттық агенттігі
