• 24 ноября, 2025 9:08 дп

«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» тұжырымдамасы аясында Шымкент қаласында электрондық тұтыну жүйелерін («вэйптерді») ерікті түрде тапсыру жұмыстары жүруде

Автор:admin

Ноя 3, 2025

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауында заң мен тәртіпті қамтамасыз етудің негізі ретінде заң үстемдігі мен сапалы құқық қорғау органдарының жұмыстарын  атаған болатын. Расында, салада жүргізілген жаңа бастамалардың түпкі мақсаты – ол халықтың құқық саласына  деген сенімін нығайту. Ал, халық саладағы жаңашылдықтың сапасына көзі жеткен кезде ғана әділдіктің ертеңіне сенеді, құқықтың барына күмән келтірмейді. Тәуелсіз еліміздің Ата Заңында Қазақстан Республикасы құқықтық мемлекет деп жарияланғаны баршамызға мәлім. Құқықтық мемлекеттің әрбір азаматы құқықтық саналы, құқықтық мәдениетті болуы қажет. Мемлекетіміздің 2030 жылға дейінгі құқықтық саясат тұжырымдамасы да осыны көздейді. Құқықтық оқыту және құқықтық тәрбие өзара табиғи байланысқан. Құқықтық мәдениетті қалыптастыру үзіліссіз процесс болуы қажет. Сонда ғана ол өз кезеңінде тұлғалардың заңдарға бағыну санасын қалыптастырады. Құқықтық білімді күнделікті кеңейту және тереңдету әрекеттері өзіндік  мазмұнына сәйкес бағытталуы керек. Азаматтардың құқықтық мәдениетін қалыптастырудың келесідей амалдары бар: құқықтық насихат, құқықтық білім беру, заңдылық тәжірибе, яғни өзін — өзі тәрбиелеу немесе құықтық өмірге бейімделу. Осы орайда  бүгін «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» тұжырымдамасы аясында Шымкент қаласында электрондық тұтыну жүйелерін («вэйптерді») ерікті түрде тапсыру жөніндегі кең ауқымды профилактикалық акция өз жұмысын бастады. Бұл акция азаматтарымыздың құқықтық білім беруді барлық жерлерде қолға алып, оған ерекше мән беру жастардың әлеуметтік-құқықтық белсенділігін арттыруға, жастарды құқықтык-патриоттық рухта тәрбиелеу ісінің табысты болуына және жалпы халықтың құқықтық санасын оятуға жәрдемдесері күмәнсіз. Акцияның алғашқы күні қаланың бес ауданында вэйптерді қабылдау пункттері ашылды. Акцияның мақсаты – электрондық тұтыну жүйелерінің (вэйптердің) заңсыз айналымына жол бермеу, азаматтарға мұндай іс-әрекеттердің заңға қайшылығын түсіндіру, құқықтық сауаттылықты арттыру және вэйптерді ешқандай жауапкершіліксіз ерікті түрде тапсыру мүмкіндігін беру. Іс-шараға полиция қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар, жастар ұйымдары мен еріктілер қатысуда. Шымкент қаласының прокуратурасы қала тұрғындарын акцияға белсенді қатысып, жастардың болашағы мен ұлт денсаулығын қорғауда өз үлесін қосуға шақырады.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin