Заңда тәртіпсіздікке, құқықбұзушылыққа жол берілмейді. Сол себепті, елімізде әр азамат өзін қауіпсіз сезінуге толықтай құқығы бар. Сондай-ақ, құқық қорғау, қадағалау және арнайы органдар азаматтардың талаптарына дереу және объективті түрде үн қатады. Олар азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды бірінші орынға қояды, айыптау көрсеткіштеріне ұмтылудан бас тартады. Мемлекет басшысының айтуынша, кейінгі жылдары елімізде барлық салада ауқымды реформалар жасалып жатыр. Мемлекеттің саяси жүйесі мен экономикалық құрылымы түбегейлі жаңғыруда. Ел ішінде жоғары құқықтық мәдениет қалыптасып келеді. Азаматтық жауапкершілік идеологиясы берік орныға бастады. Бұл – біздің стратегиялық бағдарымызға тән аса маңызды басымдық. Мемлекет құқық қорғау жүйесін жетілдіруге және барлық салада заң мен тәртіп орнатуға баса мән береді. Осы бағытта нақты нәтижеге қол жеткіздік. Мемлекет басшысы айтқандай, әділетті әрі қауіпсіз Қазақстанды құру үшін заң мен тәртіп үстемдігін түбегейлі орнықтыру керек. Бұл – барша азаматтың мүддесін, құқығы мен бостандығын қорғаудың мызғымас тірегі. Қоғамның құқықтық мәдениетін арттырып, құқық қорғау жүйесін жетілдіру қажет. Бұл – ауқымы кең маңызды міндет. Осы орайда Президент аталған бағыттағы жұмыстың негізгі басымдықтарына аса маңыз береді. Осы орайда М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде қала прокуратурасы «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында «Болашақ прокурор кеңістігі» кабинетінде студенттермен кезекті кездесу өткізді.Кездесуге қала прокуратурасының Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің заңдылығын қадағалау және қылмыстық қудалау басқармасының прокуроры Д. Әлжан қатысып, студенттерге қылмыстық процестегі прокурордың рөлі мен өкілеттіктері, сондай-ақ өз тәжірибесінен алынған мысалдар арқылы прокуратура органдары қызметінің ерекшеліктері туралы кеңінен әңгімеледі.Іс-шара барысында студенттермен пікір алмасу және кері байланыс ұйымдастырылып, оларды қызықтырған өзекті сұрақтарға толыққанды жауаптар берілді. Кездесудің негізгі мақсаты — жастардың құқықтық мәдениетін арттыру, құқық қорғау органдарының қызметін түсіндіру, сондай-ақ болашақ заңгер мамандардың кәсіби бағдарын айқындауға ықпал ету.
Jsk ақпараттық агенттігі
