• 24 ноября, 2025 8:33 дп

Өңірдегі қауіпсіздікті нығайтуда медиа маңыздырөл атқарады – сарапшы

Автор:admin

Ноя 18, 2025

Алматыда өткен «Түркі әлемінің медиа кеңістігі: жаңа дәуірдегі міндеттер мен мүмкіндіктер» тақырыбына VI Халықаралықтүркітілдес журналистер медиа форумындаөңірлік қауіпсіздік тақырыбындағы жиындамедиа саласының маңызы ерекше атап өтілді. Германиядағы Түрік медиасы ассоциациясының маманы Аднан Өзтүрктің айтуынша, медиа – тек ақпарат тарататын құрал емес, халықтарарасындағы сенім мен түсіністіқалыптастыратын, кейде тіпті шиеленістікүшейтуі де мүмкін болатын ықпалды күш.

Сарапшы пікірінше, «медиа жүректер арасындағыкөпір». Ол соңғы жылдардағы оқиғаларды мысалғакелтіре отырып, ақпарат құралдарыныңбейбітшілікке қосатын үлесін түсіндірді.

Кавказ тәжірибесі де осыны дәлелдейді. 2020 жылғы қақтығыс кезінде әлеуметтік желілердетараған жалған ақпарат түрлі этностар арасындағықорқыныш пен өшпенділікті күшейткен. Алайдаоның айтуынша, «кейбір медиа ресурстарытексерілген ақпарат пен прагматикалық көзқарастыұсына отырып, жағдайды жұмсартуға көмектесті».

«Таяу Шығыстағы диалогтық жобалар мысалғаалуға болады. Бір телеарна жас буынды ортақстудияға жинап, ашық пікір алмасу ұйымдастырған. Жастар бір-біріне қарсы тарап өкілдері ретіндеемес, ортақ аймақтың балалары ретінде сөйлесті. Бұл миллиондаған көрерменнің санасындағыкөптеген стереотиптерді бұзды, – деді АднанӨзтүрк.

Мамандардың пікірінше, медиа ақпарат таратушығана емес, жауапкершілік иесі. Хабар тілінің ыңғайы, кадр таңдауы, тақырып қоюдың өзі қоғамдағыахуалға тікелей әсер етеді.

«Медиа қорқынышты емес, empati мен түсіністікүшейтуі керек. Нағыз қауіпсіздік ананың көзжасын, баланың қорқынышын, жастың үмітіншынайы көрсету арқылы қалыптасады. Шынайыжурналист – тек дерек жазатын адам емес, адамды қорғаушы. Ал шынайы медиа – қорқыныстың емес, адамзаттың жағындатұратын медиа», дейді сарапшы.

Айта кетейік, медиа форумға Қазақстан, ОрталықАзия, Түркия, Еуропа елдерінен БАҚ басшылары, журналистер, депутаттар, медиа саласындағы ҮЕҰ басшылары, Қоғам қайраткерлері, PR менеджерлер, баспасөз хатшылары, журналистика факультетініңмұғалімдері мен студенттері т.б. қатысты.

Автор: admin