• 24 ноября, 2025 8:33 дп

Контент дайындауда AI қолдану медиа саласындағы жаңа үрдіске айналды

Автор:admin

Ноя 18, 2025

Алматыда өткен «Түркі әлемінің медиа кеңістігі: жаңа дәуірдегі міндеттер мен мүмкіндіктер» тақырыбына VI Халықаралық түркітілдес журналистер медиа форумындақазақстандық AI-креатор Қанат Есіркепов контент өндіру процесінде жасанды интеллектіні пайдалану тәжірибесін бөлісті.

Оның айтуынша, қазіргі редакциялардағы жұмыстардың 30–40 пайызы AI көмегімен оңай автоматтандырылып, журналистердің уақытын айтарлықтай үнемдеуге мүмкіндік береді.

Есіркеповтың сөзінше, жасанды интеллект құралдары жаңалықтарды мәліметтер негізінде лездегенерациялауда тиімді.

«Қаржылық есептер, спорт нәтижелері, ауа-райына қатысты ақпарат сияқты деректерді AI дәләрі жылдам дайындай алады», – дейді сарапшы.

Спикер контент өндірісін арттыруда AI-аватарларда кең қолданыла басталғанын атап өтті. Оныңайтуынша, мұндай технологиялар автордың дауысын, стилін немесе бейнесін көшіріп, үлкен көлемдегіматериалды тез әрі тұрақты шығаруға мүмкіндікбереді.

Сонымен бірге, автоматтандырылған «контент заводтарын» құруға арналған N8N, Make, Opalсекілді жүйелер медиа саласында жиі қолданылыпкеледі. Алайда маман бұл саладағы басты қауіпке де назар аударды.

«Ең маңызды мәселедипфейктер мен жалғанақпараттың көбейуі. Бұл медиаға деген сенімгетікелей қауіп төндіреді», – дейді Қанат Есіркепов.

Спикердің пікірінше, жасанды интеллект түркітілдес медиа кеңістігін біріктіруге де мүмкіндікбереді. Ол AI-ды дұрыс игеру бәсекеге қабілеттіліктіарттыратынын атап өтті:

«AI мамандарды алмастырмайды, бірақ AI-дықолданбайтын мамандарды алмастыруы мүмкін», – деді ол.

Айта кетейік, медиа форумға Қазақстан, ОрталықАзия, Түркия, Еуропа елдерінен БАҚ басшылары, журналистер, депутаттар, медиа саласындағы ҮЕҰ басшылары, Қоғам қайраткерлері, PR менеджерлер, баспасөз хатшылары, журналистика факультетініңмұғалімдері мен студенттері т.б. қатысты.

Автор: admin