• 24 ноября, 2025 6:21 дп

Түркі әлемінің мәдени мұрасын таныту: Ахмет Түзүн маңызды ұсыныстарын айтты

Автор:admin

Ноя 23, 2025

Алматыда өткен «Түркі әлемінің медиа кеңістігі: жаңа дәуірдегі міндеттер мен мүмкіндіктер» тақырыбына VI Халықаралық түркітілдес журналистер медиа форумындаЕуразиялық Ынтымақтастық қауымдастығыныңтөрағасы Ахмет Түзүн түркі халықтарыныңмәдени мұрасын халықаралық деңгейдеілгерілету жөнінде маңызды ұсыныстар айтты.

Спикердің айтуынша, мәдени мұрахалықтардыбіріктіретін рухани күш әрі болашаққа бастайтынжол. Түркі дүниесі адамзат өркениетіндегі ең бай мәдени кеңістіктердің бірі екенін айтқан Ахмет Түзүн бұл мұраны тиімді танытуортақ міндетекенін атап өтті.

«Ата-бабамыздан қалған қазынаға лайықтықұрмет көрсету үшін заманауи коммуникациялықтәсілдер мен халықаралық мәдени шаралардыбелсенді пайдалану қажет. Біз біріккенде ғананәтижелі жұмыс істей аламыз. Ұсынылған негізгібағыттар: халықаралық мәдени, өнер, спорт жәнетуризм шараларын көбейту; түркі елдерінің тарихымен қаһармандарын мультфильмдер мен анимация арқылы әлемге таныту; ортақ фестивальдер мен симпозиумдарды тұрақты форматқа айналдыру;Түркі мемлекеттері ұйымы мен ТҮРКСОЙ жобаларын кеңейту; журналистер мен коммуникация саласының өкілдері арасындатұрақты ынтымақтастық орнату», деді ол.

Ахмет Түзүннің сөзінше, мәдени мұра тек сәулеттікескерткіштер мен тарихи нысандардан тұрмайды. ЮНЕСКО анықтамасына сәйкес, ол дәстүрлі өнер, ауыз әдебиеті, салт-дәстүрлер, білім мен дағдылардыда қамтиды. Түркі елдері бұл бағытта айтарлықтайбай мұраға ие.

ЮНЕСКО-ның әлемдік мұра тізіміне Қазақстаннан6, Түркиядан 22, Өзбекстаннан 7, Әзербайжаннан 5, Қырғызстаннан 3, Түрікменстаннан 5 нысан енген.Спикердің айтуынша, мәдени мұраны танытудың кілті – ақпараттық ықпал мен бірлескен жұмыс.

«Әр ел бөлек жұмыс істегенде нәтижесі шектеулі. Ортақ іс-қимыл, ортақ жобалармәдени туризмдіжаңа деңгейге шығарады», – деді ол.

Форум барысында Түркі елдері медиа ынтымақтастығын құру мәселесі де талқыланды. Маман бұл бастама мәдени туризмді ілгерілетіп, түркі дүниесінің брендін қалыптастыруғакөмектесетінін айтты.

Айта кетейік, медиа форумға Қазақстан, ОрталықАзия, Түркия, Еуропа елдерінен БАҚ басшылары, журналистер, депутаттар, медиа саласындағы ҮЕҰ басшылары, Қоғам қайраткерлері, PR менеджерлер, баспасөз хатшылары, журналистика факультетініңмұғалімдері мен студенттері т.б. қатысты.

Автор: admin