• 24 ноября, 2025 10:59 дп

QR-КОД АРҚЫЛЫ ҰСЫНЫС БІЛДІРУ ЖҮЙЕСІ: «ШЫМКЕНТТІ ДАМЫТУҒА ХАЛЫҚТЫҢ ҮЛЕСІ» ЖОБАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Автор:admin

Ноя 14, 2025

Азаматтардың, халықтың барлық өтініш-тілектерін жедел түрде әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру, барлығымзға ортақ міндет». Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату арқылы ғана қазіргі геосаясси ахуалға бейімделген үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады. Сондықтан азаматтық қоғамға қолдау көрсетіп, оның әлеуетін нығайта түсу керек. Сондай-ақ, аса маңызды жалпы мемлекеттік міндеттерді шешу үшін талқылау жұмыстарына азаматтық қоғамның мүмкіндіктерін кеңінен қолдану қажет. Иә,осы тұжырымдаманың арқасында билік пен қоғамның арасындағы алшақтық, мемлекеттік органдар мен қарапайым азаматтардың арасындағы қарым-қатынас бір жүйеге келіп, еліміздің әрбір азаматының үнін еститін мемлекеттік аппарат қалыптасады деген сенімдеміз. Осы орайда Шымкент қаласында тұрғындар пікірі мен ұсыныстарын тікелей қабылдауға бағытталған жаңа жоба іске қосылды. Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің бастамасымен жүзеге асқан «Шымкентті дамытуға халықтың үлесі» жобасы шаһар тұрғындарына қаланың өркендеуіне қатысты өз ойларын еркін әрі оңай жеткізуге мүмкіндік береді.

Әкімнің халықпен тұрақты кездесулері мен шаһарды аралауы барысында азаматтардан қала инфрақұрылымына, қоғамдық кеңістіктерге, әлеуметтік мәселелерге қатысты көптеген ұсыныстар түседі. Енді бұл пікірлер арнайы цифрлық жүйе арқылы жедел қабылданатын болады.

Жоба аясында алдағы уақытта қоғамдық орындарда, мекемелерде, аялдамалар мен автобустарда арнайы QR-кодтар орнатылады. Кодты сканерлеген кез келген тұрғын қала дамуына қатысты өз ұсынысын онлайн түрде жолдай алады. Бұл — тұрғындар үшін қарапайым әрі қолжетімді кері байланыс форматы.

Қала әкімі Ғабит Әбдімәжитұлы бұл бастаманың басты мақсаты — әрбір азаматқа Шымкенттің дамуына үлес қосуға мүмкіндік беру екенін атап өтті. Тұрғындардан келіп түскен барлық ұсыныстар мұқият сараланып, ең өзекті әрі қала үшін тиімді бастамалар бойынша нақты шешімдер қабылданады.

Жоба — әкімдік пен тұрғындар арасындағы ашық диалогты күшейтетін, қала басқару ісіне қоғамның тікелей қатысуын қамтамасыз ететін маңызды қадам. Бұл бастама арқылы тұрғындардың қала өміріне белсене араласуына жол ашылып, Шымкенттің дамуына қатысты ортақ жауапкершілік нығая түседі.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin