• 24 ноября, 2025 9:09 дп

ШЫМКЕНТТЕ SMART CITY ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ МЕН ӘУЕЖАЙ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ ДАМУДА

Автор:admin

Окт 1, 2025

Қазақстан үш жылда цифрлық елге айналмақ. Президент мәлімдемелерінде жаңа технологияларға басымдық берді.  Жолдау тақырыбы да соған саяды. Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу. Енді ел өміріндегі барлық салаға цифрлық шешімдер енгізіледі. Президент үндеу барысында елдегі банктерді сынап алды. Қаржы ұйымдары тек қарапайым тұрғындарға несие берумен айналысады, ірі жобаларға да ақша салуы керек дейді. Ұлттық банк пен Үкімет шұғыл тапсырма берілді. Атом станциясы мен инвестиция, ауыл шаруашылығы мен инфляция. Президент үкіметке қандай міндет қойды? Әкімдерге не тапсырылды? Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті: Қазақстан үш жыл ішінде міндетті түрде жаппай цифрлық ел болуы керек. Біз жаппай цифрландыру және жасанды интеллект технологиясын барынша енгізу арқылы экономиканы жаңғыртуымыз қажет. Ол үшін, ең алдымен, Цифрлық кодексті тезірек қабылдаған жөн. Бұл заңда цифрландыру үдерісінің негізгі бағыттары, соның ішінде жасанды интеллект, платформалық экономика, үлкен дерекқорларды пайдалану және басқа да мәселелер айқындалуға тиіс. Президент алдағы негізгі міндеттер деп жеті бағытқа тоқталды. Алғашқысы елге инвестиция тарту. Бас прокуратураның заңсыз активтер қайтарған комитеті енді инвесторлардың құқығын қорғайды. Жоғары технологиялық салаларға 1 миллиард доллар ақша тартылмақ. Осы ретте Президент Олжас Бектеновке 10 күн уақыт берді. Осы уақыт аралығында Үкімет басшысы инвестицияға қатысты ұсыныстар әзірлеу керек. Қаржыны өзіміздің банктер де құя алады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Жолдауында Үкіметке цифрландыру және жасанды интеллектіні дамытуға арналған «Digital Qazaqstan» атты біртұтас тұжырымдамалық құжат әзірлеу тапсырылды. Бұл құжат аясында барлық бастамалар мен жобалар жалпыұлттық стратегиямен үйлестіріледі. Осы орайда Шымкент қаласы халықаралық деңгейде «Dahua Technology», «HikVision» және басқа да smart city, қауіпсіздік және цифрландыру саласындағы жетекші компаниялармен өзара тәжірибе алмасу туралы келісімдерге қол қойды. Бұл келісім қала инфрақұрылымына жаңа технологияларды енгізуге серпін береді. Сонымен қатар, әуемен жүк тасымалдау саласына ерекше көңіл бөлінуде. Президент Тоқаевтың Жолдауында бұл саладағы ахуалдың жақсарып келе жатқаны және оның көлемін арттыруға мол мүмкіндік бар екені атап өтілді. Шымкенттің әуежайына KZ/RA3/00004-01 бірегей тіркеу нөмірі беріліп, ресми түрде Еуропаның RA3 деректер базасына енгізілді. Бұл мәртебе әуежайға Еуропа елдеріне тікелей жүк тасымалдауды транзиттік бекеттерде қосымша тексерусіз жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin