• Пт. Окт 16th, 2026

Шымкентте ұландықтар үздік кинологтардыанықтады

Автор:jsk.kz

Июл 21, 2025

6506 әскери бөлімінің «Ақтас» оқу орталығыныңбазасында қызметтік иттермен көпсайыс бойынша кинолог—мамандар арасында ҚР ІІМ Ұлттық ұланы«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы біріншілігініңжеке-командалық жарысы өтті.

Жауынгерлік дайындық жоспарына сәйкесұйымдастырылған іс—шара 12-19 шілде аралығындаөңірлік қолбасшылықтың кинологиялық қызметініңбастығы подполковник Эрик Рахимовтыңбасшылығымен өтті.

Мақсаты — үздік кинолог мамандар мен әскерибөлімдерді анықтау, сондай-ақ қызметтік иттердідаярлау деңгейін және әскери қызметшілердің кәсібишеберлігін арттыру.

Бір апта ішінде кинолог—мамандар менқызметтік иттердің кәсіби дағдылары үш негізгібағыт бойынша бағаланды: із кесу, есірткі іздестіру және жарылғыш заттарды іздеу.

Жарысқа түрлі әскери бөлімдерден 8 командақатысты. Тартысқа толы жарыс қорытындысыбойынша сержант Ерболат Асанов бастаған 6506әскери бөлімінің (Шымкент қ.) командасы жеңіскежетті. Екінші және үшінші орынды 5571 (Алматы қ.)және 3660 (Қонаев қ.) әскери бөлімдерініңкомандалары иеленді.

— «Бұл бүкіл команданың үйлесімді жұмысыныңнәтижесі. біз көп дайындық жасадық, біз үшін тек жеңу ғана емес, дайындығымыздың жоғарыдеңгейін растау маңызды болды», — деп атап өтті6506 әскери бөлімінің кинолог-маманы сержантЕрболат Асанов.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздарғалайықты марапаттар табыс етілді, ал қатысушыларғаадалдығы мен жоғары дайындық деңгейі үшін алғысайтылды. Мұндай іс-шаралар бәсекелестік рухыннығайтады, кәсіби стандарттарды арттырады жәнекинологиялық қызметтің одан әрі дамуына ықпалетеді.⠀

ҚР ІІМ Ұлттық ұланы «Оңтүстік» ӨңҚбаспасөз қызметі

Автор: jsk.kz