• 10 мая, 2025 9:54 пп

✈️ Атырауда Қазақстан ТЖМ үшін алынған L 410 екінші ұшағын қарсы алды

Автор:admin

Май 10, 2025

Ұшақ 19 жолаушыны немесе 1800 кг-ға дейін жүкті көтереді, дайын емес алаңдарда қонуға қабілетті және -50-ден +50 °C-қа дейінгі температураның кең диапазонында жұмыс істейді.

 

  Модель санитарлық авиацияға да бейімделген. Бортта ауыр науқастарды тасымалдауға арналған заманауи зембілдер мен жүйелер орнатылған. Қажет болса, ұшақ ұшу кезінде өмірлік маңызды функцияларды ұстауға арналған медициналық техникамен қосымша жабдықталуы мүмкін. Барлық қажетті жабдықтар ТЖМ қарамағына берілді.

 

  Екінші ұшақты сатып алу ТЖМ техникалық жаңарту бағдарламасы шеңберінде өнеркәсіпті дамыту қорының қаржылай жәрдемдесуімен мүмкін болды. Жақын арада Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен ұшақты орналастыру және оған техникалық қызмет көрсету үшін ангар құрылысы басталады. Өңір экипажды жұмыс және демалыс үшін қолайлы жағдаймен қамтамасыз етуге де қатысады.

  Пайдалануға берілгенге дейін экипаж Чехияда — ұшақ өндірушісі, Omnipol жанындағы оқу орталығында оқудан өтті. Дайындық бағдарламасы ұшу бөлігін де, әуе кемесіне техникалық қызмет көрсетуді де қамтыды.

Толығырақ ҚР ТЖМ ресми сайтынан оқыңыздар.

@emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtube

Автор: admin