• 3 мая, 2025 5:33 пп

Райымбек Баталов: «Қазақстандық компаниялар арасында оффтейк келісімшарттар түзудің маңызы зор»

Автор:admin

Май 2, 2025

 

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма төрағасы Райымбек Баталов Шымкентке іс-сапармен келді. Басқарма төрағасы жұмыс сапары аясында үшінші мегаполистің бизнес өкілдерімен кездесті. Ұлттық палата Төрағасы елімізге белгілі компания – «Бал Текстиль» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне арнайы барып, оның өндірісімен танысты.

Фабрика «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында орналасқан, жылына 5 млн шаршы метрге дейін кілем өнімдерін шығарады.

Компания басшысы Талғат Исхақов Ұлттық палата Төрағасына жұмыс процесін толығымен таныстырып, өндірістегі жаңалықтарын бөлісті. Кілемнің дизайнын таңдап, шикізат әзірлеуден бастап дайын өнімді жөнелту процесіне дейін таныстырылды.

Сондай-ақ, «Бал Текстиль» компаниясының алаңында «KMG PetroChem» ЖШС Басқарма төрағасының бизнесті дамыту жөніндегі орынбасары Диаз Дияновпен және «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc» компаниясының басшылығымен кездесу ұйымдастырылды. «Бал Текстиль» компаниясының мысалында қазақстандық қамтуды арттыру мәселелері талқыланды. Компания өндіретін полипропилен шикізаты 100 пайыз елімізде шығарылады.
Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы жұмысының негізгі бағыты салалық тауашаларды дамыту, сондай-ақ, шикізат шығарушылар мен өнімді түпкілікті өндірушілердің серіктестігін қамтамасыз ету болып табылады.

«Бал Текстиль» – отандық ірі тауар өндіруші. Осындай жергілікті компанияларға «Бәйтерек», «Даму» қорлары арқылы қолдау көрсетуді арттырып, жеңілдетілген несие беруді қарастыру керек. Сонымен қатар, қазақстандық компаниялар арасында оффтейк келісімшарттар түзудің де маңызы зор. Біз бірлесіп отандық бизнесті, жергілікті өндірісті арттыруға үлес қосып келеміз», – деді Райымбек Баталов.

Айта кетейік, «Бал Текстиль» – кілемдер мен кілем өнімдерін шығаратын қазақстандық алғашқы фабрика, Орталық Азиядағы ең ірі кілем фабрикаларының бірі. 2012 жылы ашылған компания өнімдері ТМД елдерінде ғана емес, Еуропа нарығында да үлкен сұранысқа ие. Әлемдің IKEA компаниясына Қазақстаннан алғашқы өнім жеткізуші.

Автор: admin