• 30 апреля, 2025 11:00 пп

Заң және тәртіпті жырға қосқан Республикалық жас ақындар жыр — мүшайрасы өтті

Автор:admin

Апр 30, 2025

 

Заң мен тәртіп идеологиясын нығайту мақсатында, бүгін 30 сәуір күні ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті мен Түркістан облысының әкімдігінің ұйымдастыруымен «Адал ұрпақ — ұлт болашағы» Республикалық жас ақындардың жыр мүшайрасы өтті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және адалдық құндылықтарын насихаттау, шығармашылық белсенділікті арттыру мақсатында жарияланған конкурсқа Республикалық маңызы бар қалалар мен облыстардан жас ақындар қатысты.

Байқауға қатысушылар ешбір жерде жарияламаған «Адал ұрпақ -ұлт болашағы» және «Түрленген, гүлденген Түркістан» тақырыбындағы шығармаларын ұсынды.

Сонымен қатар, жас ақындар Ұлы Жеңістің 80 жылдығын елеусіз қалдырмай, бейбіт өмір сыйлаған ардагерлерге құрмет көрсетіп, ерліктерін жырға қосты.

Байқауда сөз сөйлеген Департамент басшысы Мұрат Төлеубаев пен Облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев адал, парасатты ұрпақты тәрбиелеу — қоғам алдындағы басты міндеттердің бірі, болашақ ұрпақты жастайынан Отан сүйгіштікке, дәстүрді құрметтеуге, білім мен еңбекке ұмтылуға, тәрбиелеу ортақ парызымыз. Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықтарды насихаттау, «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының жұмыстарын белсенді іске асыруға тарту бүгінгі күннің маңызды жұмысы екенін атап өтті.

Байқаудың ақтық сайысына өткен жас ақындардың арасынан түрлі номинациялар бойынша жеңімпаздар анықталды.

Қазылар алқасының шешімімен 1 орын Атыраулық жас ақынға, 2 орын Шымкент қаласы мен Түркістан қаласынан келген ақындарға бұйырса, 3 орын Абай өңірі мен Түркістан облысынан қатысқан ақындарға берілді.

Сонымен қатар, байқауда жас ақындарға арнайы жүлделер айтыскер ақын Әселхан Қалыбекова атындағы, қаламгер Қаныбек Сарыбаев атындағы және облыстық Қоғамдық даму басқармасы атынан берілді және 7 қатысушыға ынталандыру сыйлықтары мен алғыс хаттар табысталды.

Айта кетейік, байқау «Алтын орда» қайырымдылық қоғамдық қорының қолдауымен өтті.

#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП

Автор: admin