• 31 октября, 2024 11:56 пп

Интернет-алаяқтың құрбаны болған жағдайда не істеу керек?

Автор:admin

Апр 6, 2024

Алдымен өзінің банк Cаll-орталықтарына хабарласып есеп-шоттарын тез арада бұғаттағаны жөн. Сонан соң, алаяқтарға алданған азамат тұрғылықты жері бойынша орналасқан полиция бөліміне арыздануы не «102» телефоны бойынша хабарласуы қажет. Арызға қоса қылмыстық құқық бұзушылық туралы мәліметтердің анықталғанын растайтын қолдарындағы құжаттарды, яғни, төлем жасалған чектерді, хат алмасуларды, интернет-ресурстардың скриншоттарын (экран бетінің көшірмелері) және өзге де айғақ болатын матариалдарды ұсынғаны дұрыс. Өзімізді және жақындарымызды интернет-алаяқтардан қалай қорғай аламыз? ІІМ қызметкері айтқан білуіміз тиіс ақпараттарға назар салыңыз! Азаматтар өздерінің жеке деректерін, пластикалық карталардың реквизиттарын ешкімге хабарламауы қажет; Егер банк карточкаңыздың бұғатталғаны туралы телефоныңызға қоңырау шалса немесе SMS-хабарлама жіберілсе онымен байланысқа түспестен бұрын, өзіңіздің банк бөлімшеңізге барыңыз немесе оның ресми Cаll-орталығына қоңырау шалыңыз; Интернет арқылы сауда-саттық жасағанда бағасы тым арзан заттарды (автокөлік, пәтер, ұялы телефон т.б.) алуға қызықпаңыз және ол үшін алдын ала ақшалай қаражатты жіберуге асықпаңыз. Бағалы заттарды ұтып алғаныңыз туралы хабарлама (автокөлік, пәтер, ұялы телефон және т.б.) алған жағадайда, өзіңізге таныс емес адамдардың есеп-шоттарына ешуақытта ақша аудармаңыз. Сатушымен тауарды алғаннан соң ғана төлем жасау туралы келісуге тырысыңыз; Электрондық поштаңызға, әлеуметтік желідегі аккаунтарыңызға және телефоныңызға келіп түскен белгісіз интернет-ресурстарға сілтеме арқылы кірмеңіз және онда көрсетілген сұрақтарға жауап бермеңіз; Белгісіз және тексерілмеген сайттар мен басқа да дереккөздерге жеке деректерді енгізбеу қажет. Сізге төлем жасау үшін жіберілген сілтемелерді немесе белгісіз байланыстардан жолданған СПАМ-жіберілімдерді ашпаңыз. Көбінесе алаяқтар төлем жасау үшін фишингтік сілтемелерге өтуді ұсынады; Банкинг қызметтеріне қол жеткізу үшін құпия кодтарды үнемі өзгертіп отырыңыз, 3D-қорғауды және банктер ұсынатын басқа да қауіпсіздік шараларын қолданыңыз; Есеп-шоттағы ақша қозғалысын жиі тексеру қажет. Мұндай шаралар алаяқтықтан аулақ болуға және өз ақшаларын сақтап қалуға көмектеседі; Интернет желісі арқылы ұшақ, темір жол билеттерін сатып алу барысында тек тексерілген белгілі ресми сайттарды ғана қолданғаныңыз дұрыс; Жеке сипаттағы мәліметтерді (ЖСН,  ұялы телефон нөмірі, банк реквизиттары, геомәліметтері бар фотоларды және т.б.) ашық көздер (әлеуметтік желілер мен мәссенджерлер) бойынша беруге және жариялауға болмайды. Сондай-ақ, Қанат Нұрмағамбетов аталмыш қылмыстың алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан шаралар жайлы да тілге тиек етті. Министрлік осындай қылмыстарды ашу және тергеу бойынша міндеттерді тиімді шешу үшін тұрақты негізде ұйымдастырушылық-практикалық шаралар қабылдауда. Интернет-алаяқтықтың өсуін ескере отырып, қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін арттыру мақсатында былтырдан бері ақпараттандыру және байланыс саласындағы, сондай-ақ ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жасалатын қылмыстық құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл жөніндегі арналған ведомстволық бағдарлама әзірленді.

 

Jsk ақпарат орталығы

Автор: admin