• 24.09.2026 09:36

7 тамыз күні Абай күніне орай Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Шымкент қаласының тоғызқұмалақ федерациясының ұйымдастыруымен ерлер арасында тоғызқұмалақтан «Абай мұрасы – ұлт қазынасы» атты Шымкент қаласының чемпионаты өтті.

Автор:jsk.kz

Авг 9, 2026

Іс-шараның негізгі мақсаты – ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының рухани мұрасын дәріптеу, ұлттық құндылықтарды насихаттау және тоғызқұмалақ спортын дамыту.

Жарысқа 20-дан астам спортшы қатысып, классика және блиц бағдарламалары бойынша бақ сынады. Чемпионат қорытындысы бойынша үздік 6 спортшы қыркүйек айында Ақтау қаласында өтетін Қазақстан Республикасының чемпионатына жолдама алды.

Іс-шараға қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының қызметкерлері, Шымкент қаласының тоғызқұмалақ федерациясының президенті Алмас Өмірбекұлы, аға жаттықтырушы Сабит Қалдыбекұлы, спортшылар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Аталған чемпионат ұлттық зияткерлік ойынның дамуына серпін беріп, жастар арасында ұлттық мұра мен рухани құндылықтарды дәріптеуге, сондай-ақ тоғызқұмалақ спортының бұқаралық сипат алуына бағытталды.

Ұлы ойшыл, акын, хакім Абай Құнанбайұлының рухани мұрасы – қазақ халқының баға жетпес асыл қазынасы. Қазақ әдебиеті мен философиясының биік шыңы саналатын Абайдың әрбір сөзі мен ой-толғамы уақыт өткен сайын өз құндылығын арттырып, бүгінгі қоғам үшін де өзектілігін жоғалтпай отыр. Абай мұрасын дәріптеу – тек тарихи тұлғаға деген құрмет қана емес, ел болашағы мен ұлт саулығын сақтаудың маңызды шарты.

Абай өз шығармаларында адамгершілік, білім-ғылым, еңбекқорлық пен парасаттылықты басты орынға қойды. Оның «Толық адам» концепциясы мен «Адам бол!» деген қағидасы – қазіргі жаһандану заманында жас ұрпаққа бағыт-бағдар беретін басты темірқазық. Абай «Ғылым таппай мақтанба» деп, елдің дамуы мен өркениетке жетудің жалғыз жолы білімде екенін ашық айтты. Ойшыл «Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым» сияқты қасиеттерді адам бойына егуді насихаттап, еріншектік пен зауалдықтан сақтандырды. «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп…» деген даналық сөзі халықтар арасындағы достық пен бейбітшіліктің, ізгіліктің ұраны болып табылады. Абайдың бай мұрасын келешек ұрпаққа аман-есен жеткізу және әлемдік деңгейде таныту үшін бірқатар жүйелі жұмыстар атқарылуда: Еліміздің әр өңірінде, соның ішінде «Шымқала» тарихи-мәдени кешендерінде, театрлар мен консерваторияларда Абай шығармашылығына арналған поэтикалық, музыкалық кештер тұрақты өтіп тұрады. Бұл халықтың рухани сусындауына мүмкіндік береді. Хакімнің қара сөздері мен өлеңдерін жаңаша көзқараспен талдап, абайтану ғылымын ары қарай дамыту – бүгінгі ғалымдардың басты міндеті. Жас ұрпаққа Абай сөзін ұғынықты ету үшін әлеуметтік желілерде челлендждер, подкасттар, аудиокітаптар мен анимациялық жобалар жасалуда.Абай шығармалары дүниежүзінің негізгі тілдеріне аударылып, шетелдік мәдениет орталықтарында, кітапханаларда Абай орталықтары ашылуда.

Абайды тану – әрбір азаматтың өзін-өзі тануынан басталады. Абайдың қара сөздеріндегі терең философия мен өлеңдеріндегі өмірлік тағылымдар – ұлттық кодың негізгі діңгегі. Ұлы ойшылдың рухани мұрасын күнделікті өміріміз бен тәрбие жүйесіне тереңдетіп енгізгенде ғана біз бәсекеге қабілетті, парасатты қоғам құра аламыз.

Абайдың өсіеті мен рухани мұрасын дәріптеу – таусылмайтын мәңгілік міндет, ал Абай сөзі – қазақ халқының бітім-болмысы мен болашаққа бастайтын жарық жұлдызы.

Автор: jsk.kz