??«Nur Otan» партиясы Шымкент қаласы филиалының төрағасы, қала әкімі Мұрат Әйтеновтің республикалық «Айқын» газетіне берген сұхбаты жарияланды.
Сұхбатта партияның 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасының Шымкент қаласында жүзеге асуы туралы ойлар әңгіме арқауына айналған.
Қала басшысы партияның үшінші мегаполистегі өз жұмысында алға қойған мақсаттары, оның орындалуы мен нәтижесі туралы тарқатылған мәліметтер келтіреді. Осы бағытта қандай салаларға басымдық берілгені, бұл бағытта баянды жүмыстарды жүзеге асыру үшін әзірленген Жол картасының маңызы туралы сөз етеді. Және Жол картасында алдағы бес жылға жоспарланған 149 іс-шараның орындалу қарқынына тоқталады.
Сұхбатты төменгі сілтемені басу арқылы оқи аласыздар.
https://aikyn.kz/167606/shymkent-omir-suruge-kolayly-zamanaui-megapoliske-aynalady/
JSK ақпарат