• 16 мая, 2024 6:34 пп

2023 жылдың 22 маусымында «БЖЗҚ» АҚ-да «Ашық есік күні» өткізілді

Автор:admin

Июл 24, 2023

«Ашық есік күні» Бірыңғай жинақтаушызейнетақы қорының салымшылары үшін дәстүрлііс-шараға айналды. Бұл жолғы күн тәртібі – «Зейнетақыны жоспарлау. Зейнетақыкалькуляторы».

Қазақстанның зейнетақы жүйесі бірнеше деңгейденжәне төлем көздерінен тұрады: мемлекеттік бюджеттенбазалық және ортақ бөліктер түссе, жинақтаушы бөлікБЖЗҚ-дағы міндетті және ерікті жарналар есебінентүседі.

Еліміздегі зейнетақымен қамсыздандыружауапкершілігі үш тарапқа бөлінеді: мемлекет, азаматтың өзі және жұмыс беруші. Сондықтан қызметкерге болашақ зейнетақысын жоспарлау үшін жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын уақытылы төлеуін және жалпы жеке зейнетақы шотының жай-күйін қадағалап отырғаны өте маңызды. Қор мамандары «Ашық есік күніне» қатысушылармен осы тақырыпты талқылады.

Қатысушылар БЖЗҚ сайтындағы және БЖЗҚ/ЕНПФұялы қосымшасындағы «Зейнетақы калькуляторы» көмегімен болашақ төлемдерді есептеу мәселесіне ерекше қызығушылық танытты. Пайдаланушыға мемлекеттік бюджет есебінен берілетін зейнетақыны және БЖЗҚ-дан жинақтаушы зейнетақыны қоса алғанда, барлық зейнетақы төлемдерінің болжамды мөлшерін дербес есептеуге мүмкіндік беретін ағымдағы және болжамды калькулятор жоғары бағаланды.

Калькулятор зейнетақы жинақтарын біржолғы пайдалануды жоспарлаған жағдайда зейнетақы төлемдерін есептеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, калькуляторда заңнамада көзделген түзету коэффициентін ескере отырып, қауіпті және зиянды өндірістерде кемінде 60 ай жұмыс істеген қызметкерлер үшін БЖЗҚ-дан төлемдерді арттыру есебі де қамтылған.

Қатысушылар инвестициялық портфельді басқаратын компанияларға зейнетақы жинақтарының бір бөлігін аударған жағдайда зейнетақы төлемдерінің серпінін көруге мүмкіндік беретін есептеуді өте пайдалы деп тапты.

Сондай-ақ, «Зейнетақы калькуляторының» көмегімен зейнетақы жинақтарын аннуитетке аударған жағдайда сақтандыру ұйымынан берілетін сақтандыру сыйақысы мен сақтандыру төлемдерінің сомасын да есептеуге болады. Бұл есептеулер төлемдердің қай мерзімде жүзеге асырылатынын, оларды жүзеге асыру кезеңін, бірінші төлемнің мөлшерін түсінуге және оның сізге қаншалықты тиімді екенін салыстыруға және өз таңдауыңызды жасауға көмектеседі.

Іс-шараға қатысушылар саны көп болды және ол аса белсенді пікірталас ретінде өтті.  

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kzсайтында).

Автор: admin