• 3 декабря, 2024 5:06 пп

2021 жылдың көктемгі су тасқыны және найзағай маусымы кезінде су тасқынына қарсы іс-шаралар 

Автор:admin

Фев 12, 2021

  Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті (бұдан әрі  — Департамент) ағымдағы жылғы 5 ақпанда Шымкент қаласының энергия кәсіпорындарының қатысуымен 2021 жылғы көктемгі су тасқыны және найзағай маусымы кезінде су тасқынына қарсы іс-шаралары бойынша жиналыс өткізілгенін хабарлайды. 

    Жиналыста 2021 жылғы көктемгі су тасқыны және найзағай маусымы кезінде су тасқынына қарсы іс-шараларды уақытылы өткізу маңыздылығы талқыланып энергия кәсіпорындары өкілдерінің энергия кәсіпорындарының дайындық көлемімен жүргізіліп жатқан шаралары бойынша баяндамасы тындалды. 

    Жиналыс қорытындысы бойынша энергетикалық ұйымдарға 2021 жылғы көктемгі су тасқыны және найзағай маусымы кезінде су тасқынына қарсы жоспарланған іс-шараларды уақытылы жүргізіп электр желілерін сенімді және үзіліссіз жұмыспен қамтамасыз ету қажет екені айтылды. 

 

Автор: admin