• 18 мая, 2025 3:52 пп

❤️1 КГ САЛМАҚТАҒЫ СӘБИДІҢ ЖҮРЕГІНЕ КҮРДЕЛІ ОПЕРАЦИЯ ЖАСАЛДЫ

Автор:admin

Май 18, 2025

 

Шымкент қалалық перинаталдық орталығында салмағы небәрі 1 келі болатын сәбидің жүрегіне күрделі операция сәтті жасалды. Сәбидің туғанына 45 күн толған болатын.

🏥25-аптада дүниеге келген нәресте наурыз айының басында орталықтың жаңа туған балалардың қарұынды терапия бөлімшесіне жеткізілді. Оның салмағы небәрі 655 грамм, бойы – 28 сантиметр болды. Зерттеп-қарау нәтижесінде дәрігерлер «ашық артериялық өзек» (туа біткен жүрек ақауы) диагнозын қойып, оған қоса респираторлық дистресс-синдромды анықтады.

🔵Сәбидің жағдайы аса ауыр болғандықтан, ол бірден өкпені жасанды желдету аппаратына қосылды. Диагноздың күрделілігіне байланысты перинаталдық орталықтың дәрігерлері бірнеше рет қаладағы кардиохирургтармен кеңесті.

Сәбиге 45 күн толып, салмағы 1 келіге жеткенде, дәрігерлер жүрегіне операция жасау туралы шешім қабылдады. Ашық артериялық өзекке жасалған күрделі және аса дәлдікті қажет ететін бұл операция сәтті өтті.

☄️Операцияны Шымкент қалалық балалар клиникалық ауруханасының кардиохирургі Асан Жұманов пен Шымкент қалалық перинаталдық орталығының анестезиолог-реаниматологы Ақжол Әбдірайымов жасады.

Қазіргі таңда сәбидің жағдайы тұрақты ауыр. Ол перинаталдық орталықтың бас дәрігерінің неонаталдық қызмет жөніндегі орынбасары Гүлмира Будукова мен неонатолог-реаниматолог Ерасыл Шәбетов бастаған неонаталдық реанимация бөлімшесі дәрігерлерінің тұрақты бақылауында.

Автор: admin