• 19 апреля, 2024 1:01 пп

Ө.ШӨКЕЕВ МЕРЕКЕ КҮНДЕРІ ҚАУІПСІЗДІКТІ КҮШЕЙТУДІ ТАПСЫРДЫ

Автор:admin

Дек 28, 2021
31 желтоқсан күні Түркістан облысының төтенше жағдайлар Департаменті тарапынан 200-ден астам қызметкер мен 88 техника қауіпсіздікті қамтамасыз ететін болады. сонымен бірге, облыс аумағында «Жаңа жыл» мерекесіне арналған
іс-шараларды өткізу кезеңінде қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті сақтауды күшейту бөлігінде жалпы 1 мыңнан астам қызметкер 100-ге жуық арнайы автокөлікте жұмылдырылды. Оның ішінде Түркістан қаласы бойынша 150 қызметкер 20 арнайы автокөлікте қызмет атқарды. Жаңа жыл мерекесін өткізу барысында құқық қорғау органдарының күш пен құралдары дайындыққа келтіріліп, қызметкерлерге тиісті нұсқамалар берілді.
Жаңа жыл мерекесін қауіпсіз өткізу үшін өрт қауіпсіздігі ережелеріне ерекше назар аударып, сақтық шараларын сақтау қажет. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев мереке күндері ескерілетін маңызды мәселелерге байланысты жауапты тұлғаларға тапсырма берді. Мәселе қатаң бақылауға алынды. Облыс басшысының төрғалығмен өткен лездемелік жиналыста құқық қорғау органдары мен төтенше жағдайларлар департамент басшыларының баяндамасы тыңдалды.
«Алдағы мереке күндері және одан кейінгі демалыстарда бәрі демалады, білесіздер. Өте қауіпті. Осы күндері кезек қойып, жұмыс істеу керек. Көше-көшені аралап жүру керек. Ешқандай ұйықтау болмасын»,-деді облыс әкімі.
Бүгінде өңірдері қоғамдық орындарда рейдтік іс шаралар жүргізілуде. Айта кетейік, 2020-2021 жылдары Жаңа жыл мерекесін тойлау кезінде пиротехникалық заттарды пайдалану кезінде жазатайым оқиғалар тіркелмеген.
JsK ақпарат

Автор: admin