• 12.08.2026 23:03

Өңірлік экономиканың жаңа драйвері: Ордабасы ауданындағы өндірістік серпін және қаржылық дербестік

Автор:jsk.kz

Авг 12, 2026

Ордабасы ауданы — Түркістан облысының агроөнеркәсіптік және индустриялық әлеуеті жоғары, стратегиялық маңызы бар аймақтарының бірі.
Бүгін өңір әкімі Нұралхан Көшеров аталмыш ауданға жұмыс сапарымен барып, жергілікті тұрғындармен есепті кездесу өткізді. Жиында ауданның экономикалық дамуы, инвестиция тарту, жаңа өндіріс орындарын ашу, кәсіпкерлікті қолдау және жергілікті бюджеттің өзіндік кірістерін арттыру бағытында атқарылып жатқан ауқымды жұмыстар бойынша есеп берілді. Соңғы жылдары өңірде жүргізіліп жатқан жүйелі реформалар, инвестициялық климатты жақсарту және шағын мен орта кәсіпкерлікті қолдау шаралары өз нәтижесін бере бастады. Ауданның экономикалық даму көрсеткіштері тек сандық өсімді емес, сонымен бірге сапалы құрылымдық өзгерістерді де айқын көрсетеді.

   Аудан экономикасының орнықтылығын білдіретін басты индикаторлардың бірі — өзіндік кірістердің үлесі. Сыртқы трансферттерге тәуелділікті азайту бағытында атқарылған жұмыстар нәтижесінде жергілікті бюджеттің қаржылық базасы айтарлықтай нығайды.

   2026 жылға бекітілген 11 млрд 602 млн теңге көлеміндегі өзіндік кіріс жоспары жыл ішінде 1 млрд 143 млн теңгеге ұлғайған. Ағымдағы сәтте аудан бюджетінің жалпы көлемі 19 млрд 511 млн теңгені құраса, оның 12 млрд 745 млн теңгесі (65,3%) — өзіндік кірістер. Соңғы үш жыл ішінде өзіндік кірістердің бюджеттегі үлесі 32,1%-дан 65,3%-ға дейін, яғни екі еседен астам өсті.
   Өзіндік кірістер үлесінің 65,3%-ға жетуі — Ордабасы ауданының субвенциялы аймақтан қаржылай өзін-өзі камтамасыз етуге жақындаған донорлық әлеуетін көрсетеді. Бұл өңірде жаңа салық салу базасының (өндіріс орындары мен жаңа жұмыс орындарының) қалыптасқанын дәлелдейді. Өңірге капитал тарту — жаңа өндіріс ошақтарын ашудың және халықты тұрақты жұмыспен қамтудың басты тетігі. Ауданның инвестициялық портфелі құрылыс материалдары, металлургия және жеңіл өнеркәсіп бағыттарында белсенді диверсификациялануда. Жоспарланған жобалардың толық қуатқа шығуы 2026 жылдың соңына дейін жергілікті бюджетке 100 млн теңгеден астам қосымша салық түсімін қамтамасыз етеді деп жоспарлануда. Шағын өндіріс орындарын шоғырландыру мақсатында инфрақұрылымдық парктер желісі құрылуда. Бұл кәсіпкерлерге дайын ғимараттар мен инженерлік коммуникацияларға қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Темірлан өндірістік паркі (10,5 га): І-кезеңде жалпы алаңы 2 400 шаршы метрді құрайтын 5 ғимарат пайдалануға берілді. Жалпы құны 1,2 млрд теңгені құрайтын 5 жоба (шыны өнімдері, кір жуғыш ұнтақ, металл бұйымдары, түйіршіктелген жем) іске қосылып, 53 адамды тұрақты жұмыспен қамтыды. 2026 жылы ІІ-кезеңнің эскиздік жобасы мақұлданды. «Бадам» өндірістік паркі (8 га): Бөлінген жер телімінде І-кезең бойынша 5 өндірістік ғимараттың құрылысы белсенді жүргізілуде. Өндірісті орталықсыздандыру мақсатында 6 ауылдық округте (Қажымұқан, Бадам, Қараспан, Төрткүл, Шұбар, Шұбарсу) кіші өндірістік парктер кезең-кезеңімен құрылуда. Ордабасы ауданының дәстүрлі драйвері — аграрлық сектор. Бүгінгі таңда басты басымдық шикізат өндіруден оны терең қайта өңдеуге және жоғары қосылған құн салығын қалыптастыруға ауысты. Жыл қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығында 20 млрд теңгеге 39 жоба ашылып, 150 жаңа жұмыс орны құрылады (қаңтар-маусым айларында 9,3 млрд теңгенің 13 жобасы іске асты).Жылыжай шаруашылығы және «Ауыл аманаты»: Шұбарсу ауыл округінен 15 га жер телімі бөлініп, «Ауыл аманаты» бағдарламасы шегінде 30 азаматқа 250 млн теңге жеңілдетілген несие берілді. Өндірілген өнім ішкі нарыққа

   Аудан әкімдігінің жұмысында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы негізгі орын алады. Халықпен өткізілген есепті кездесулерде көтерілген мәселелердің басым бөлігі нақты шешімін табуда.

2025 жылы көтерілген 108 мәселенің 95-і шешілді (қалған 13-і кезең-кезеңімен іске асырылуда). 2026 жылдың мамыр айында түскен 38 ұсыныс-пікірдің 12-сі толық орындалып, 26 мәселе бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізілуде. Көтерілетін мәселелердің басым бөлігі (70%-дан астамы) коммуналдық және инфрақұрылымдық салаларға тиесілі.

Ордабасы ауданында атқарылып жатқан жұмыстар кешені өңірде тұрақты экономикалық модельқалыптасқанын көрсетеді. Бюджеттің өзіндік кірістерінің 65,3%-ға жетуі, құрылыс материалдары, өңдеу өнеркәсібі мен құс шаруашылығы бойынша ірі инвестициялық жобалардың іске асуы, сондай-ақ өндірістік парктер желісінің кеңеюі Ордабасыны облыстағы индустриялық-аграрлық көшбасшы аудандардың біріне айналдырып отыр.

“Jsk.kz” ақпараттық агенттігінің директоры-бас редакторы Сағындық Жанысбаев

Фотолар: Ордабасы ауданы әкімдігінің Фейсбук әлеуметтік желісінен алынды.

Автор: jsk.kz