• 16 мая, 2024 10:10 пп

Әл-Фараби ауданы аумағында 926 көпқабатты тұрғын үйдің 857-сі орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған.

Автор:admin

Сен 11, 2023

Қазіргі таңда 455 көпқабатты тұрғын үйге сығымдау жұмыстары жүргізіліп, қысқы жылу маусымына дайындық көрсеткіші 53 пайызды құрап отыр. Аталған көпқабатты тұрғын үйлерді жылу маусымына дайындау бойынша «Қуатжылуорталық-3» мекемесімен бірлесе, аудан аумағындағы 7 сервистік қызмет көрсетушілермен арнайы іс-шара жоспары бекітілді. Аталған іс-шараға сәйкес, аппарат қызметкерлері тарапынан аудан тұрғындарына 2023-2024 жылғы жылыту маусымына дайындық жұмыстары бойынша күнделікті түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстар алдағы уақытта өз жалғасын табатын болады. Әл-Фараби ауданында жалпы саны 29 мектеп, 31 балабақша орналасқан. Үш ауысымда білім беретін 2 мектепке қосымша құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, №45 мектептің ғимаратының құрылыс жұмыстары аяқталып ,пайдалануға берілді. №65 мектептің қосымша 600 орындық құрылыс жұмыстары қыркүйек айында пайдалануға берілетін болады. Сонымен қатар, оқушы орнының тапшылығына байланысты, №8 мектеп-гимназиясына 1100 орындық мектептің құрылыс жұмыстары аяқталуға таяу. Қазіргі таңда, 27 мектеп және 29 балабақша жылыту маусымына толық дайындалып актілері түзілген. Аудан әкімінің айтуынша,тұрғындар тарапынан қоқыс контейнерлерінің ескілігі мен көше тазалығына жиі шағым түседі. Бүгінгі таңда көпқабатты тұрғын үйлердің санитарлық тазалық жұмыстары көлеміне қарай 7 секторға бөлініп, әр секторға аудан әкімі аппаратының жауапты мамандар бекітілген. Аудандағы ішкі орам аумақтардың тазалық жұмыстарымен «Бәйтерек-Л.Б.», «Жасыл Ел» компаниялары айналысуда. Қазіргі таңда аудан аумағындағы ішкі орам аумақтарда «Бәйтерек Л.Б.» тарапынан 3 техника, 20 адам, «Жасыл Ел» ЖШС тарапынан 13 техника, 130 адам тазалық жұмыстарымен айналысуда. Жалпы 150 жұмысшы мен 16 техника қала тазалығы үшін жұмыс жасауда. Тұрмыстық қатты қалдықтарға арналған 214 контейнер алаңшалары және онда 1037 қоқыс контейнерлері бар. Аудан аумағындағы тұрмыстық қатты қалдықтар тастайтын қоқыс алаңшадағы, басты және ішкі орамдағы көшелердегі қоқыстарды тасымалдаумен «ШымкентСпецКомплекс», «Арнаулыавтокөлік» мекемесі айналысады. Айта кетейік, тұрғындардың өтініші бойынша биылғы жылы 120 қоқыс алаңшасын жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Одан бөлек, 332 қоқыс жәшігін жаңарту үшін бюджеттен қаржы қаралған. Сондай-ақ аудан аумағындағы орталық көшелерге көлемі үлкен, мәрмәр тасты 200 қоқыс урналары орнатылған. Әл-Фараби ауданының бүгінгі таңдағы даму үдерісі осындай. Аудан әкімі тұрғындардың өтініштері мен шағымдарын ескеріп, алдағы уақытта да бірлесе жұмыс істейтіндігін атап өтті.

 

Jsk ақпарат орталығы

Автор: admin