• 16 апреля, 2024 1:19 пп

ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАНДЫ ҚҰРУ – ТАРИХИ ЖАУАПКЕРШІЛІК

Автор:admin

Ноя 22, 2022

 

Бүгін, мінеки, ҚР Орталық сайлау комиссиясы отырысында кезектен тыс президент сайлауының түпкілікті қорытындысы жарияланды. Осы ретте, 2022 жылғы 20 қарашадағы кезектен тыс сайлауда Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ҚР Президенті болып сайланғаны белгілі болды. Президентке ел тұрғындарының 81,31%-ы дауыс берген.

Сайлау күні жұбайым Рәш Сейдуллақызы екеуміз Ленгір қаласындағы №5 орта мектептегі сайлау учаскесінде дауыс бердік. Өз таңдауымызды жасап, Қасым-Жомарт Тоқаевқа дауыс бердік.

Сайлау әділ әрі лайықты өтті деп толық сеніммен айта аламын. Барлық сайлаушыларға өз кандидаттарына дауыс беру құқығы берілді және барлығы орындады.

Мен қазіргі Президенттің сайлауалды бағдарламасын жақтаймын. Ол іргелі де маңызды міндеттер қойды, яғни бұл — Әділетті Қазақстанды құру. Бұл ретте, өткен кемшіліктерден сабақ ала отырып, оны түзетіп, қордаланған мәселелерді шешу маңызды. Табыстың әділ бөлінуін қамтамасыз ету де өзекті. Ал бұл үшін бүкіл қоғамның жұмылдырылуы, барлығының қатысуы қажет. Мемлекет басшысының бастамасымен өмірімізде түбегейлі өзгерістерге қол жеткізу үшін әрекет те, бақылау да қажет.

Байділда ЖЫЛҚЫШИЕВ,
Түркістан облысы қоғамдық кеңесінің төрағасы

Автор: admin