• 24 апреля, 2024 9:31 дп

ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАНДЫ БІРГЕ ӨРКЕНДЕТЕМІЗ

Автор:admin

Ноя 21, 2022

 

Елдегі саяси науқан өз мәресіне жетті. Түркістан облысының тұрғындары бұл сайлауда да белсенділік танытты.

Сайлаушылар азаматтық сана-сезімі жоғары екенін көрсетті. Сондай-ақ, ел тағдырына бей-жай қарамайтынын аңғартты. Мұның бәрі Қазақстанда сайлау мәдениеті орныққанын білдіреді. Халықтық коалиция атынан сайланған Қ.К Тоқаев 81,31 % жеңіске жетті.

Қазақстандықтар өздерінің басымдықтарын айқындап, алдағы жеті жылда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамаларына қолдау танытып, елге қызмет етуге дайын екендіктерін білдірді.

Алдағы уақытта да елдік істерде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, үлгі боларлық істердің басы-қасынан көрінейік. Ынтымағымыз бен берекелі бірлігіміз жоғалмасын!

Нұралы ӘБІШОВ,
Түркістан облыстық мәслихатының депутаты

Автор: admin