• 29 марта, 2024 2:37 пп

ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Автор:admin

Май 8, 2022

9 мамыр — Жеңіс күніне орай «AMANAT» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында қалалық партия филиалының Атқарушы хатшысы Бектаева Жанар Әлібекқызының бастауымен бейбіт күнді сыйлаған ардагерлерімізге құрмет көрсетілді.

Сұрапыл соғыс жылдары қаншама боздақ қазақ жерінен Отанын қорғау үшін майданға аттанды. Осындай батырларымыздың бірі — 96 жастағы Қазыбаев Абылай атамыз. Ол 1943 жылы Қызыл Армия қатарына алынып, Ташкент қаласындағы әскери дайындықтан өтіп, 219-шы дивизияның 2-ші гвардиялық-полкінде болған. Харьков, Ворошилов Украина майданында Свеостопольде, 3-ші Беларусь майданында, Латвия, Литва Кеннисбергдегі шайқастарға қатысып, Берлинде жеңісті қарсы алған.

Сондай-ақ, Атажанов Қадыр Сальжанұлы мен Андреев Алексей Семеновичтің шаңырағында болып, естеліктерін тыңдап, ақ баталарын алдық. Соғыс ардагерлерінің жағдайы үнемі партия назарында. Тек мереке күні емес, аманаттықтар әрқашан ардагерлеріміздің жағдайын сұрап, көңіл бөліп отырады.

— «Ұлы мерекені ардагерлеріміз омырауларына орден-медальдарын тағып, жылда асыға күтеді. Бүгін қария майдангерлер көңілдері серпіліп, көрсетілген сый-құрметке балаша мәз болысты. Жарқын келешек, бақытты болашақ үшін күрескен батыр бабаларымыз барлық құрметке лайықты», — деді Ж.Бектаева.

Автор: admin